Мысалы, 2021 жылғы 06 қыркүйекте электр энергиясын тұтынуды бақылау қызметінің өкілдері Есіл ауданы бойынша жоспарлы рейд жүргізу кезінде электрмен жабдықтау шартынсыз электр энергиясын тұтынған және өзінің коммерциялық қызметін жүзеге асырған Әлихан Бөкейханов көшесі мекенжайы бойынша дүкенді анықтаған болатын, бұл Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бұзу болып табылады.
Аталған факті бойынша Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бұзу туралы Акт жасалып, объектіге электр энергиясын беру тоқтатылды.
Шартсыз тұтыну құны заңды электр тұтыну құнынан бірнеше есе асып түсетінін есте сақтаған жөн.
Мұндай тұтынушылар ерте ме, кеш пе заңсыз тұтыну құнын толық көлемде төлеуге мәжбүр болады.
Сонымен қатар, бұзушылардың әрекеттері ауыр зардаптарға әкеліп, адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруі мүмкін екенін қосымша ескертеміз.