Құрметті тұтынушылар!
Егер тұтынушы ұйғарымнан кейін, атап айтқанда электр энергиясын есепке алу құралын ауыстыру, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде, есепке алу құралы мен тоқ трансформаторларының тексеру аралық интервалы өткен соң және т.б. белгіленген мерзімде коммерциялық есепке алуды қалпына келтірмеген жағдайда «Астана-АЭК» АҚ ЭЭПҚ 61-тармағына сәйкес электр энергиясына есептеулер жүргізетінін жеткіземіз.
Мысалы, объектісі Нұр-Сұлтан қаласы № 5 шағын ауданы мекенжайында орналасқан заңды тұлға белгіленген мерзімде коммерциялық есепке алуды қалпына келтірмеген. Атап айтқанда, электр энергиясының құралы 18.05.2021ж. есептен алынып, 02.08.2021ж. пломбаланған. Яғни электр энергиясының құралын есептен алу және коммерциялық есепке қабылдау арасындағы кезең 75 күнді құрады.
Тиісінше, есептеу былайша жүргізілді:
- 19.05.2021ж. бастап 17.06.2021ж. дейінгі кезеңде алдыңғы кезеңнің орташа тәуліктік шығысы бойынша 7 481 кВт*сағ мөлшерінде;
- 18.06.2021ж. бастап 01.08.2021ж. дейінгі кезеңде техникалық шарттарға сәйкес рұқсат етілген қуат бойынша 108 000 кВт*сағ мөлшерінде.
«Астана-АЭК» АҚ осындай жағдайларды болдырмау үшін белгіленген мерзімде коммерциялық есепке алуды қалпына келтіру қажеттігі туралы хабарлайды және ескертеді, сондай-ақ «Астана-АЭК» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұтынылған электр энергиясы үшін есептеуді жүргізу құқығын өзіне қалдырады.