Бірінші сыныпқа бірінші рет! 

01 сентября 2021

«Астана-АЭК» АҚ кәсіподақ ұйымы үшін бірінші сыныпқа баратын кәсіподақ мүшелерінің балаларын білім күнімен құттықтау игі дәстүрге айналды. Биыл  15-бірінші сынып оқушысы мектепке арналған сыйлықтар алды. Кәсіподақ оларға мектепке керек-жарақтарды сыйға тартты.

Құрметті бірінші сынып оқушылары, білім күні сіздер үшін жарқын да қуанышты мереке болсын.  Сіздерге мектеп өмірінің бақытты және көңілді болуын, жақсы бағалар алып, білімге деген құштарлықтарыңыз арта берсін демекпіз. Алғашқы оқу жылдарыңыз сәтті, жарқын және қызықты болсын!