Мұндай күрестің негізгі әдістерінің бірі электр энергиясы құрылғыларын жоспарлы және жоспардан тыс тексеру болып табылады.
Бұл электр энергиясын тұтынуды бақылау қызметінің күнделікті жұмысы болмақ. Біздің өкілдеріміздің электр энергиясын ұрлау үшін тұтынушылардың қолданатын көптеген амалдарды анықтау әдістері бар.
Мысалы, 2021 жылғы 27 тамызда Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Желтоқсан көшесіндегі дүкендердің бірінде электр есептегішті тексеру кезінде кіріс кабелінде есепке алу құралына дейін электр кернеуінде тұрған шиыршық бар екені анықталды. Дәл осы шиыршықты қолдана отырып, дүкеннің бір бөлігін электр есептегішінен тыс электрмен қамтамасыз ету жүзеге асырылған.
Тұтынушы электр есептегіштен тыс энергия қабылдайтын құрылғыларды қосу дерегін жоққа шығармады.
Ұрлау дерегі бойынша Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бұзу туралы Акт жасалды. Тұтынушыға электр энергиясының көлемі қосымша есептелді.