2021 жылғы 16 тамызда Ғабдуллин көшесіндегі объектінің коммерциялық есепке алу жағдайын тексеру барысында «Астана-АЭК» АҚ ЭЭТБҚ мамандары Электр энергиясын пайдалану қағидалары мен Электр қондырғыларын орнату қағидаларының келесі бұзушылықтарын анықтады. Есептегіш пен тоқ трансформаторлары арасындағы екінші реттік есепке алу тізбектерінде бұрын орнатылған қосқыш табылды, бұл өз кезегінде жоғарыда аталған объектінің тұтынылған электр энергиясын дұрыс есептемеуіне (басқаша айтқанда, электр энергиясын ұрлау) әкелді.
Аталған факті бойынша тұтынушыға электр энергиясының көлемін қосымша есептеу жүргізілетін тиісті акт жасалды.