Нұр-Сұлтан қаласында қабылданған күшейтілген карантиндік шаралар аясында біздің компанияның қызметкерлері 2021-2022 жж. жылыту маусымының өтуіне электр желілерін дайындау бойынша жөндеу бағдарламасын толық көлемде орындауда. 2020 жылғы 24 маусымға қарасты электр жабдықтарын күрделі жөндеу 34%-ға, электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсету 43%-ға орындалды. Барлығы жөндеу бағдарламасы 27%-ға орындалған.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! «Астана-АЭК» АҚ электр энергиясын беруді тоқтатуға байланысты жұмыстардың орындалуын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілермен, сондай-ақ көп пәтерлі тұрғын үйлердің басқарушы компанияларымен және өндірістік мақсаттағы объектілермен алдын ала келіседі.
Желідегі жоспарланған жұмыстар туралы ақпарат компанияның ресми сайтында www.astrec.kz , facebook әлеуметтік желісінде орналастырылады, сондай-ақ iKomek (109) бірыңғай анықтамалық қызметіне жіберіледі.
Осындай күрделі кезеңде электр энергиясын ажыратуға байланысты белгілі бір қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз, себебі жөндеудің барлық түрлерін тек жылытуаралық кезеңде ғана жүргізуге болады.
Біздің жазғы жөндеу науқанының мақсаты желілердегі штаттан тыс жағдайлардың алдын алу және электр желілері ең жоғары жүктемені бастан кешіретін күзгі-қысқы кезеңде және басқа да қолайсыз ауа-райы жағдайларында электр қондырғыларының сенімді жұмысын қамтамасыз ету болып табылады.