Ұжымдық вакцинация!

25 июня 2021


 Компания коронавирустың таралуын болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Апта бойы дәрігерлер аудандық электр желілері ұжымдарымен халықты ерікті вакцинациялау жөнінде күнделікті кездесулер өткізді. Елордалық дәрігерлер ұжымдық иммунитет үшін екпе алу қажеттілігі туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.

            2021 жылдың 25 маусымында елордалық энергетиктерді вакцинациялау үшін кәсіпорынға № 5 қалалық емхана мен «Салауатты Астана» ЖШС емханасынан екі медицина бригадасы келді.  Көктемнен бері ұжымдық вакцинация бойынша 4 іс-шара өткізілді. Қазақстанда бүгінде вакцинаның төрт түрі бар: қазақстандық QazVac, ресейлік «Спутник V», қытайлық Hayat-Vax және CoronaVac.   Қалауыңыз бойынша вакцинаның кез-келгенін таңдауға болады. 

             «Астана-АЭК» АҚ ұжымы коронавирустық инфекцияның таралуын тоқтатуға дайын және баршаңызды екпе жасауға шақырады. Коронавирустың таралуы ерте ме, кеш пе тоқтайды және пандемия аяқталады. Әрине ол үшін   адамдардың басым көпшілігі тұрақты қорғанысқа ие болуы тиіс. Оған ұжымдық иммунитет жетістігінің арқасында қол жеткізуге болады.   

           Бірге ұжымдық иммунитетті қалыптастырайық!