«Астана-АЭК» АҚ жөндеу бағдарламасының барысы туралы

18 июня 2021

Қалада күшейтілген карантиндік шаралар кезеңінде, біздер онлайн оқытуға байланысты электрмен жабдықтауда айтарлықтай шектеулерсіз жөндеу науқанын бастағанымызды атап өту керек.

Қаланың электр желілерін күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындау жөніндегі кешенді іс-шараларға  инвестициялық бағдарламаны орындау, күрделі жөндеу жоспары (29%-ға орындалды) және қосалқы станциялар мен электр беру желілерінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету (40%-ға орындалды), сондай-ақ басқа да жұмыс түрлері кіреді.  

Бүгінгі таңда елорданың электр желілері келесі жылыту маусымына 24%-ға дайын.  

 

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

«Астана-АЭК» АҚ электр энергиясын беруді тоқтатуға байланысты жұмыстардың орындалуын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік-мәдени тұрмыс объектілерімен, сондай-ақ көп пәтерлі тұрғын үйлердің басқарушы компанияларымен және өндірістік мақсаттағы объектілермен алдын ала келіседі.

Желілерде жоспарланған жұмыстар туралы ақпарат, оларды өткізу қарсаңында компанияның ресми сайтында www.astrec.kz , facebook әлеуметтік желісінде орналастырылады, сондай-ақ iKomek бірыңғай анықтама қызметіне (109) жіберіледі.  

Сіздерден электр энергиясын ажыратуға байланысты белгілі бір қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Біздің жазғы жөндеу науқанымыздың мақсаты желідегі штаттан тыс жағдайлардың алдын алу және электр желілері максималды жүктемені бастан кешетін, қыстың төмен температурасы кезінде және басқа да қолайсыз ауа-райы жағдайларында электр қондырғыларының сенімді жұмысын қамтамасыз ету болып табылады.