Жөндеу науқанына шағын станциялар мен 10/0,4 кВ әуе желілерінің электр жабдықтарын күрделі жөндеу және техникалық қызмет көрсету кіреді.
Сондай-ақ, жоғары кернеулі 220/110 кВ электр желілерін қалыпты пайдалану үшін электрмонтерлер 220-110 кВ шағын станцияларға және 220/110 кВ әуе желілеріне техникалық қызмет көрсетеді.
Жөндеу бағдарламасын орындауда әуе желілері қызметі үздік қарқын көрсетіп отыр. 220 кВ әуе желілеріне техникалық қызмет көрсету жоспары 56%-ға орындалды!
Электр желілерін 2021-2022 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындау аясында көктемнің басынан бері жөндеу бағдарламасы 18%-ға орындалды.
Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтар! Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз! Түсіністік білдіргендеріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Жөндеу бағдарламасының көлемін уақытылы орындау электр энергиясының максималды жүктемесінде күзгі-қысқы кезеңнен ойдағыдай өтуді, Нұр-Сұлтан қаласының электр энергиясының тұтынушыларын авариясыз және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.