Жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жылыту маусымы аяқталғаннан кейін басталды. Онлайн оқытуға байланысты, мамыр айы бойы энергетиктер мүмкін болған жерлерде электр энергиясын өшірмей, желілерде жұмыс істеді.
Жаздың басынан бастап электр желілерін 2021-2022 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындау аясында электрмонтерлер бригадалары қарқынды жұмысқа кірісті. Барлығы 56 тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы станцияға, 0,4-тен 10 кВ-қа дейінгі 50 км-ден астам әуе желілеріне күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған.
Көктемнің басынан бастап ұзындығы 6 км 10/0,4 кВ әуе желілеріне күрделі жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, 10/0,4 кВ 12-трансформаторлық қосалқы станция жабдықтарына жөндеу жүргізілді.
Электр желілерінің жалпы дайындығы 12,44 % құрайды.
Құрметті тұрғындар мен астана қонақтары! Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз! Түсіністік білдіргендеріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Жөндеу бағдарламасының көлемін уақытылы орындау электр энергиясының максималды жүктемесінде күзгі-қысқы кезеңнен ойдағыдай өтуді, Нұр-Сұлтан қаласының электр энергиясының тұтынушыларын авариясыз және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.