Электр тоқ соғудан балалардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?

01 июня 2021

Энергетиктер не істейді?

           Дәстүрлі түрде «Астана-АЭК» АҚ мамандары әрбір оқушылар демалысының алдында қосымша және тұрақты негізде қалада, әсіресе оқу орындары, спорт құрылымы, демалыс аумағы және тұрғын үйлердің ауласының жанында орналасқан объектілерге ерекше назар аудара отырып, шағын станциялар және электр жеткізу желілерінің қоршауы бүтін бе, шағын станциялар құлыпқа жабық па, қауіпсіздікті ескертетін белгілер бар ма екендігін тексереді.

           Бірақ бір ғана энергетиктердің бұл бағыттағы жұмыстары жеткіліксіз, электр қауіпсіздігі мәселесін толық түсіну үшін бала өсіп келе жатқан қоғамның және әрине де басты түрде ата-аналардың тәлімі қажет.

           Ата-аналарға не істеу қажет?

           Ата-аналар біріншіден – өздерінің үйінде электр қауіпсіз тұрмысты ұйымдастырулары қажет.  Оқушылар демалысының алдында розеткалар мен ағытқыштардың жағдайын тексеруді ұмытпаңыздар, электр құралдарының барлық баусымын тексеріңіздер: олар ширатылған, жалаңашталған болмай, орындықтың аяғының астында қалмауы тиіс. Бұзылған тұрмыстық электр құралдарын пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады!

           Сонан соң балаларға электр қауіпсіздігі ережесін еске салып және оларды неге бұзуға болмайтындығын түсіндіру қажет.  Мысалы, салыстыру үшін дәлме-дәл бірнеше сан келтіріңіз: адамның өмірі үшін дымқыл орынжайда және жерде 12 вольт кернеу, құрғақ орынжайда 36 вольт қауіпті, алэлектр жеткізу желілерінде ең төмен кернеу 220 вольт. Яғни тіпті төменгі класты желілердегі кернеу адам үшін қауіпті шектен бірнеше рет жоғары.

           Және соңында баламен оқыс жағдайдағы әрекет ету алгоритмін қайталау қажет. Оның ұялы телефоннан жедел қызметтерді шақыру үшін номерін теруді біле ме екендігін тексеріңіздер. Онымен электр тоғын жақсы өткізетін және сондықтан ерекше қауіпті заттектер мен заттарды       және керісінше электр тоғын нашар өткізетін және оқыс оқиғада пайдалы заттектер мен заттарды зерттеңіздер.

           Көшедегі электр қауіпсіздігі ережесі:

           -жақын жерде электр жеткізу желісі өтетін үйлер мен құрылыстардың төбесіне, ағашқа, теміржол вагондарына және басқа объектілерге шығуға болмайды;

           -энергообъектілер: трансформаторлы шағын станциялар және электр жеткізу желілерінің жанында ойын ойнауға болмайды;

           -сымдарға бөгде заттарды тастауға және олардың жанында ұшу аппараттарын, батпырауықтарды және шарларды ұшыруға болмайды;

           -үзілген сымды жерден көтеруге және 10 метрден жақын жақындауға болмайды.Егер сіз қауіпті аймаққа түскен болсаңыз, онда «қаз адыммен» кету қажет: адымдаушы аяқтың өкшесін жерден алмай, басқа аяқтың ұшына тақайды, бұл ретте аяқты жерден және бір-бірінен алшақтап көтермейді;  

           -электр желілік құрылыс аумағына және орынжайларына кіруге, электр қондырғылардың, электр күш беретін орынжайлардың есігін ашуға болмайды!

           -әдемі фотосурет жасау үшін жоғары вольтті электр жеткізу бағандарына шығу аса қауіпті.

           Үйдегі электр қауіпсіздігі ережесі:

           -розеткадағы ашаны сымынан тартпаңыз;

           -бұзылған электр құралдарын қолданбаңыздар;

           -электр құралдарының сымын су қолмен ұстамаңыз;

           -электр қалқандары мен құрамалардың есігін ашпаңыздар.

 

           Шағын станциялардың ашық есіктері мен қақпалары, ӘЖ үзілген сымдары, ашық электр қалқандары туралы ақпаратты «Астана-АЭК» АҚ-на 620-456 телефоны бойынша, тұрғын үйдің ПИК хабарлау немесе барлық жедел қызметтің бірыңғай номері 109-ға қоңырау шалу қажет.

            Балалар мен жасөспірімдердің «ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ҚАУІПТІ» екендігін ұғыну қажеттігі «Астана-АЭК» АҚ ұжымының энергообъектілерде балалар травматизмін болдырмау жөніндегі жұмысында сөзсіз басымдық болып табылады!