Ажыратылу себебі: «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК теңгеріміндегі ҮП-200 және ҮП-99 жағына қарай 10кВ кабель желілерінің зақымдануы. 8-заң нысаны, 10-көп қабатты тұрғын үй кешені және 1 жеке үй шектеуде болды. Сағат 08:00-ден бастап «Астана-АЭК» АҚ жедел-көшпелі бригадалары төрт көп пәтерлі тұрғын үй кешеніне үйге ортақ қажеттіліктер үшін дизель-генераторлық қондырғылар орнатты. Қалған нысандарда бар болған жағдайда жеке ДГҚ қосылды. Кабель желісі трассасын тексеру барысында кабель каналын 2 жерден қазғаны анықталды.
Кабель желісінен мыс экраны ұрланғаны анықталып, бұл электр желісінің істен шығуына әкелді. Қазіргі уақытта авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Зақымдануларды жою үшін жедел-көшпелі бригада, сынау және диагностикалау қызметі бригадасы және кабель желілері қызметінің 4-бірлігі жұмылдырылды.