Астананың қарқынды өсуіне және тұрғындар санының артуына байланысты жаңа жабдықтар орнатамыз, бөгде ұйымдардың өндірістік жұмыстары мен ауа райы жағдайларына байланысты зақымдануларды жоямыз. Біз уақытпен бірге жүреміз. Қолданыстағы жабдықты жаңартып, жұмыс істеп тұрған, пайдалану мерзімі асып кеткен, ескірген жабдықты толығымен ауыстырамыз.
Қалада күшейтілген карантиндік шаралар кезеңінде, қашықтықтан жұмыс істеу және оқуға байланысты электрмен жабдықтауды айтарлықтай шектеулерсіз жөндеу науқанын бастағанымызды ерекше атап өту керек.
«Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ техникалық қызметтері жыл сайын қаланың электр желілерін күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындау бойынша кешенді іс-шараларды әзірлейді, оған: инвестициялық бағдарлама, күрделі жөндеу жоспары, шағын станциялар мен электр беру желілерінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету кестелерін орындау, сондай-ақ басқа да жұмыс түрлері кіреді.
«Астана-АЭК» АҚ электр энергиясын беруді тоқтатуға байланысты жұмыстарды орындау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық объектілерімен, сондай-ақ көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқарушы компаниялар және өндірістік мақсаттағы объектілермен алдын ала келіседі.
Желілерде жоспарланған жұмыстар туралы ақпарат, оларды өткізу қарсаңында компанияның ресми сайтында www.astrec.kz, facebook әлеуметтік желісінде орналастырылады, сондай-ақ iKomek (109) бірыңғай анықтамалық қызметіне жіберіледі.
Құрметті қала тұрғындары! Сіздерден электр энергиясын ағытуға байланысты белгілі бір қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Біздің жазғы жөндеу кампаниясының мақсаты желілердегі штаттан тыс жағдайлардың алдын алу және электр желілері ең жоғары жүктемеге ұшырайтын төмен қысқы температура және басқа да қолайсыз ауа райы жағдайлары кезінде электр қондырғыларының сенімді жұмысын қамтамасыз ету болып табылады.