ДТБҚ қызметі «Астана-АЭК» АҚ штат кестесіне 2011 жылғы 16 мамырдан бастап енгізілді (2011 жылғы 25 сәуірдегі № 207 бұйрық негізінде) және ОДҚ ДТБАЖ орталығы мен ЭКЕАЖ (2013 жылы ДТБҚ қызметінің құрамынан дербес ЭКЕАЖ қызметіне шығарылды) бөлімін қосып, ақпараттық технологиялар және байланыс бөлімінің (АТжББ) базасында ұйымдастырылды.
Диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары (бұдан әрі – ДТБҚ) – бұл энергия жүйесінің ажырамас бөлігі, бұл диспетчерлік персоналдың көзі мен құлағы деп айтуға болады, өйткені энергетикалық кәсіпорынның қызметі кезекші персонал, жұмыс істейтін бригадалар мен диспетчерлік пункт арасындағы жедел байланыссыз, шағын станциялардан жедел технологиялық ақпаратсыз (телеөлшеулер мен телесигналдар) мүмкін емес.
ДТБҚ қызметі құрылғаннан бері, қызмет бастықтары, 30 жылдан астам уақыт электр энергетикасы саласындағы ДТБҚ жабдығымен байланысты Явтухович Игорь Владимирович (2011 – 2012, 2016 – қазіргі уақытқа дейін) және Виницкий Роман Сергеевич (2012-2015) болды.
ДТБҚ қызметін құруға және ұйымдастыруға қызмет бастығының орынбасары Творогов Сергей Геннадьевич (2011 – 2013) және БҚОТ жетекші инженері Торопеева Любовь Петровна, сондай-ақ қызметті құруға қатысқан және телемеханика мен ЭКЕАЖ құрылғыларынан ақпарат қабылдаудың GPRS желісін, транкингтік байланыс, БҚОТ электр қуат беру, ДТБҚ қызметінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін ұйымдастыруға ДТБҚ қызметі бастығының орынбасары Гурьянов Вячеслав Николаевич үлкен үлес қосты.
ДТБҚ қызметі құрылған сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін ДТБҚ қызметінің құрамында үш сектор үйлесімді жұмыс істейді,
1) ДТБҚ БҚОТ барлық құрылғылары мен жабдықтарына – цифрлық коммуникациялық жүйелер, телекоммуникациялық талшықты-оптикалық ақпарат беру жүйесі, транкингтік радиобайланыс құралдары, VoIP телефониясы, «Астана-АЭК» АҚ-ның басқа бөлімшелерімен бөлу шекарасына сәйкес, ДТБҚ негізгі, резервтік және кепілдік берілген электр қуат беру құрылғыларына пайдалану-техникалық қызмет көрсету және жөндеуді жүзеге асыратын басқару құралдарының орталық торабы (БҚОТ). Қазіргі уақытта БҚОТ цифрлық коммуникациялық жүйелерді дамытуға, ТОБЖ пайдалануға және VoIP-телефонияны енгізуге зор көңіл бөлетін Хегай Константин Валерьевич (қызметте 2012 жылдан бастап жұмыс істейді) басқарады.
2)АБӨЖҚ ақпараттарын жинау, беру және өңдеу жүйелері, ОДҚ ЖАК және ЖДҚ ЖАК жедел-ақпараттық кешендері, 110 кВ шағын станциялар, ҮП және 20/10/0,4 кВ ТШС телемеханика аппаратурасы, «Астана-АЭК» АҚ-ның басқа бөлімшелерімен бөлу шекарасына сәйкес визуализация жүйелеріне (контроллерлер және ОДҚ ДП, ЖДҚ ДП, ЕАЭЖ ЖДТ ДП бейнеқабырғаларының СК панелдері) қызмет көрсету және жөндеуді жүзеге асыратын диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйесі секторы (ДБАЖ).
ДБАЖ секторы құрылғаннан бастап секторды Поляков Дмитрий Юрьевич (2011-2020) басқарды, қазіргі уақытта ДБАЖ секторын Хомяков Евгений Юрьевич басқарады (2011 жылы қызмет құрылғаннан бастап жұмыс істейді). Олардың екеуі де ДБАЖ секторын құруға, ОДҚ ЖАК және ОДҚ ДП, ЖДҚ ЖАК және ЖДҚ ДП бейнеқабырғасын пайдалануға қабылдауға, ҮП/20/10/0,4 кВ ТШС-дан АБӨЖҚ дамытуға және пайдалануға қатысты.
3) Компьютерлік және серверлік жабдықтарды, ұйымдастыру техникасы, ақпараттық технологиялар құралдарын және жергілікті есептеу желісін (ЖЕЖ) техникалық пайдалануды, қолданбалы және офистік бағдарламалық қамтамасыз етуге қызмет көрсету және сүйемелдеуді жүзеге асыратын ақпараттық технологиялар секторы (АТС).
АТС құрылғаннан бері секторды, секторды құруға қатысқан және «Астана-АЭК» АҚ ЖЕЖ ақпараттық қауіпсіздігін дамытуға, әкімшілендіруге және қамтамасыз етуге, БҚОТ серверлік жабдығын пайдалануға және әкімшілендіруге, БҚОТ серверлігін үздіксіз электр қуат берумен қамтамасыз етуге зор үлес қосқан Яцина Александр Сергеевич басқарады (қызметте 2011 жылдан бастап жұмыс істейді). Қазіргі уақытта АТС-та «Астана-АЭК» АҚ жаңа логотипі бойынша конкурс жеңімпазы (2020 жылы), жетекші инженер Трапезников Михаил Федорович (қызметте 2012 жылдан бастап жұмыс істейді) еңбек етеді.
ДТБҚ қызметінің барлық персоналы 2013 жылы «Астана-АЭК» АҚ ӘТК-нің жаңа ғимаратына көшу кезінде ОДҚ ЖАК және ДП бейнеқабырғасын ауыстыруға, ЖДҚ жаңа ЖАК және ДП бейнеқабырғасын пайдалануға қабылдауға, ОДҚ ДП және ЖДҚ ДП автоматтандырылған жұмыс орындарын (АЖО) ұйымдастыруға, ОДҚ ДП және ЖДҚ ДП диспетчерлік персоналының жұмыс орындарын, кәсіпорын пайдаланушыларын ЖЭЖ-ға қосуға және телефон байланысымен қамтамасыз етуге, БҚОТ серверлігін пайдалануға және іркіліссіз жұмысты ұйымдастыруға жұмылдырылды.
Сондай-ақ, ДТБҚ қызметінің персоналы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің ҚҮП ДП жұмысын қамтамасыз етуге, «Астана-АЭК» АҚ цифрландыруға – транкингтік радиобайланысты жаңғыртуға, ЭҚЖ енгізуге және пайдалануға, ОДҚ диспетчерлік қалқанын (бейнеқабырғаны) жаңғыртуға, серверлік жабдықтар мен ЖЕЖ жаңғыртуға, кәсіпорында және 220/110 кВ шағын станцияларда VoIP-телефонияны енгізуге белсенді қатысты.
ДТБҚ қызметінің жұмысына жандарын салған баршаңызды
10 жылдық мерейтойларыңызбен құттықтаймыз!
Сіздерге ынта-жігер, күш-қуат, денсаулық пен амандық тілейміз!