2021 жылғы 7 мамырда сағат 14:30-да ҮП-53 нөмірі 15-ші және ҮП-69 нөмірі 15-ші 10 кВ ұяшықтарының авариялық ажыратылуы орын алды. Ажыратылу себебі қоршау салу үшін ұңғымаларды бұрғылап, жер жұмыстарын жүргізу кезінде кабель желілерінің зақымдануы болды. Кабель желілері жеке тұлға Л.А.Смағұловаға тиесілі. Жұмыстарды жүргізуші – жеке тұлға А.А.Баймаханов.
ТШС-1618 қуат алатын тұтынушылар электрмен жабдықтаусыз қалды.
Зақымдану орнын анықтау үшін жедел-көшпелі қызмет бригадалары, Есіл АЭЖ, кабель желілерін қадағалау жөніндегі шебер жұмылдырылды.
Кабель желісін қалпына келтіру бойынша авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жеке тұлға А.А.Баймаханов жүргізді. ТШС-1618 зақымдануларды жойғаннан кейін 2021 жылғы 9 мамырда сағат 01.45-те іске қосылды.
2021 жылғы 8 мамырда сағат 18:10-да «Заречная» ШС 10кВ әуе желісі авариялық ажыратылды. Нәтижесінде Тельман кентінің тұтынушылары Желмая, Ақжан, Мұғалжар, Жайсан, Ақкемер, Аңырақай, Школьный көшелері, Бурылтай тұйық көшесі, «Адина» және «Эковилаж» тұрғын үй кешендерінің тұтынушылары электр қуатынсыз қалды.
Ажыратылу себебі: «Шамшырақ» ЖШС жер жұмыстары кезінде №10-14 тіреулер арасындағы кабель қыстырғысын зақымдаған.
Зақымдану орнын анықтау үшін жедел-көшпелі қызметтің екі бригадасы жұмылдырылды. Қалпына келтірумен «Шамшырақ» ЖШС айналысты. 10 кВ әуе желісі зақымдануларды жойғаннан кейін 2021 жылдың 8 мамырында 22 сағат 39 минутта іске қосылды.
Желілерді үзу дерегі бойынша «Нұр-Сұлтан қ. ОЭКжКШБ» ММ-ге хат жолданды. Кабель желілерін зақымдаған тұлғалар желідегі зақымдану орнын анықтау, электр энергиясын қосқаны және жеткіліксіз бергені үшін шығындарды өтейді. Сондай-ақ, олар материалдар мен кабель желісін қалпына келтіру жұмыстарына, арнайы техниканы тартуға, зақымдалған кабель желісін сынауға қаражат жұмсады.
«Астана-АЭК» АҚ құрылыс-монтаждық ұйымдардың назарын аударады: жазатайым оқиғаларды болдырмау және инженерлік желілердің барлық түрлерін сақтау мақсатында, барлық жұмыс түрлерін оларды бастамас бұрын Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық қызметтерімен келісу қажет!
Жер жұмыстарын жүргізуді келісу жөнінде «Астана-АЭК» АҚ өкілдерін шақыруға арналған телефондар:
- Алматы, Байқоңыр, Сарыарқа аудандары 620-395, 620-386, 79-39-85;
- Есіл ауданы 500-526.