Адамзат тарихындағы ең үлкен техногендік апаттың бірі – Чернобыль атом электр станциясындағы жарылыстан бері 35 жыл өтті. Бұл жарылыс адамзат баласына орасан залал келтірді. Бүгінде біз Чернобыль АЭС апатты жоюшыларға, сол кезде танытқан батылдықтары мен төзімділіктері, көрсеткен жанқиярлық ерліктері үшін алғыс білдіреміз.
Сондай-ақ Ауғанстан Республикасында интернационалдық борышын өтегендерге алғысымыз шексіз. Бұл қанды соғыста интернационалист-жауынгерлер ерлік танытып, ата-бабаларымыздың рухын асқақтатты.
Баршаңызды 7-мамыр Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтап, Сіздерге тілейтініміз дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт, отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізге табыс, елімізге бейбітшілік пен болашаққа деген сенімділік! Мерекелеріңіз құтты болсын!