Ажырату нәтижесінде 189-көше, Қараменде би Шакаұлы көшесі аудандарының тұтынушылары электр қуатынсыз қалды.
10 кВ кабель желісін қалпына келтіруді электрмонтаждық ұйым «Djenco Engineering» ЖШС «Астана-АЭК» АҚ өкілдерінің қатысуымен өз қаражаты есебінен жүргізді. 2021 жылғы 4 мамырда 16 сағат 20 минутта 10 кВ кабель желісі қалпына келтіріліп, «Астана-АЭК»АҚ жедел-диспетчерлік қызметіне сынақ хаттамасымен қоса, қосуға өтінім берілді. «Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс басқармасы» ММ-ге «Djenco Engineering» ЖШС-не қатысты әкімшілік шаралар қабылдау үшін хат жолданды.
«Астана-АЭК» АҚ құрылыс-монтаждық ұйымдардың назарын аударады: жазатайым оқиғаларды болдырмау және инженерлік желілердің барлық түрлерін сақтау мақсатында, барлық жұмыс түрлерін оларды бастамас бұрын Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық қызметтерімен келісу қажет (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 247 бұйрығымен бекітілген Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларының 843-тармағы және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 330 бұйрығымен бекітілген Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларының 2-параграфының 20 және 21-тармақтарына сәйкес жер жұмыстарын коммуналдық қызметтердің келісімімен және рұқсатымен жүргізу қажет)!
Жер жұмыстарын жүргізуді келісу жөнінде «Астана-АЭК» АҚ өкілдерін шақыруға арналған телефондар:
- Алматы, Байқоңыр, Сарыарқа аудандары 620-395, 620-386, 79-39-85;
- Есіл ауданы 500-526;
- iKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы 109 телефоны бойынша.