«Оңай емес және қауіпті!» деген еді бір сұхбатында 44 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі энергетик Анвар Ибрагимович өзінің электрмонтерлер бригадасының жұмысы туралы.
Торлы құрылымның алып тіреулер қатары, электр тоғы өтетін, жел күні гуілдейтін, тартылған сымдар баршаға таныс сурет. Олардың жай көрінісі қарапайым адамның бойына үрей мен қорқыныш ұялатады. Оларға тек арнайы киім мен каскадағы адамдар ғана қорықпай көтеріліп, биіктікте жұмыс істей алады. Бұл мамандар біздің үйімізде электр жарығының болуы үшін күндіз-түні еңбек етеді. «Сайып келгенде, тұтынушы энергетиктердің қандай үлкен еңбек сіңіретіндігін білмейді, ол үшін үйінде әрдайым электр шамының жанып тұрғаны маңызды. Біздің жүйеде оңай жұмыс жоқ!»,- деп энергетик мамандығы туралы өз пікірімен бөлісті Анвар Ибрагимович.
Халиков Анвар Ибрагимович Алматы энергетикалық институтын электрстанциясы және шағын станция мамандығы бойынша тамамдады. Еңбек жолын Қазақ газ өңдеу зауытында электрмонтер қызметінен бастады. Целиноград қаласына көшіп келгесін, үй құрылысы комбинатына (ҮҚК) жұмысқа орналасып, инженерден бас энергетикке дейін еңбек жолын жалғастырды.
1998 жылы Қалалық электр желілеріне қауіпсіздік техникасы және пайдалану техникасы инженері болып жұмысқа ауысты. Ол кезде бұл лауазым жалғыз болған еді, оның кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бөлімі құрылды. Одан әрі қазіргі АЭЖ, кабель желілері, әуе желілері мен шағын станциялар қызметтері және жедел-көшпелі қызмет кіретін үлестіру желілері қызметі бастығының орынбасары болып ауыстырылды. Содан кейін осы қызметтің бастығы болып тағайындалды, онда АЭЖ құрыла бастаған жыл-2011 жылға дейін жұмыс істеді. Осы жылы ол Алматы АЭЖ басшылық етті. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін 220-110 кВ әуе электр беру желілері қызметі бастығының орынбасары лауазымында өз үлесін қосуды жалғастырды.
Әріптестері Анвар Ибрагимовичпен «иін тіресе» еңбек еткен жылдары туралы аса жылылықпен және құрметпен айтады. Алматы АЭЖ-ін басқарған кезеңде ол тату, жұмысқа қабілетті ұжым құрып, үйлесімді жұмысты жолға қойды.
«Барлық сеніп тапсырылған учаскелерде қаланың электр желілерін дамытуға елеулі үлес қосты. Жас әріптестеріне тәлімгер болды. АЭЖ-нің қазіргі бастықтары Анвар Ирагимовичтің мектебінен өткенін мақтанышпен айтып кету керек»,- деді Рамазан Рахметұлы.
«Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ ұжымы Анвар Ибрагимовчике көп жылғы адал еңбегі және елорданың электр энергетикасын дамытуға қосқан жеке үлесі үшін ерекше алғыс білдіреді.
Сізге, Анвар Ибрагимович, мықты денсаулық және ұзақ өмір тілейміз!