«Достық Инвест» ЖШС-ға қатысты желідегі зақымданған жерді анықтау, электр энергиясын қосу және беру кемістігі, дизель-генераторлық қондырғының жұмысы үшін шығынның орнын толтыру түрінде шара қолданылатын болады. «Достық Инвест» ЖШС материалдарға және кабель желісін қалпына келтіру жұмыстарына, арнайы техниканы тарту үшін, зақымдалған кабель желісін сынауға қосымша қаражат жұмсап, зақымдануларды өз бетінше жоятын болады.
«Астана-АЭК» АҚ құрылыс-монтаждық ұйымдардың назарын аударады: жазатайым оқиғаларды болдырмау және инженерлік желілердің барлық түрлерін сақтау мақсатында, барлық жұмыс түрлерін оларды бастамас бұрын Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық қызметтерімен келісу қажет!
Жер жұмыстарын жүргізуді келісу бойынша «Астана-АЭК» АҚ өкілдерін шақыруға арналған телефондар:
- Алматы, Байқоңыр, Сарыарқа аудандары 620-395, 620-386, 79-39-85;
- Есіл ауданы 500-526.