2021 жылғы 3 сәуірде 11 сағат 10 минутта ҮП 138 2-ұяш. – ТШС 3165 10 кВ кабель желісі апатты түрде ажыратылды. «Астана-АЭК» АҚ сынаулар және диагностика қызметінің зертханасы Янушкевич көшесіндегі № 12 үйлерді бұзуға арналған қоршауды орнату бойынша жұмыстарды жүргізу учаскесінде 10 кВ кабель желісінің механикалық зақымдану орнын анықтады. Жұмыстарды «Partners Realty» ЖШС «Астана-АЭК» АҚ-ның рұқсатынсыз және келісімінсіз жүргізген. Сағат 11:55-те 10 кВ желілерде жедел ауыстырып қосу жүргізіліп, тұтынушыларды электрмен жабдықтау қалпына келтірілді, электрмен жабдықтауды шектеу алынып тасталды.
10 кВ кабель желілерін қалпына келтіру «Partners Realty» ЖШС-нің өз қаражаты есебінен жүргізілді. 2021 жылғы 4 сәуірде сағат 02.29-да 10 кВ кабель желісі қалпына келтіріліп, «Астана-АЭК»АҚ жедел-диспетчерлік қызметіне сынақ хаттамасымен қоса, қосуға өтінім берілді. Технологиялық бұзушылық бойынша құжаттар (10 кВ КЖ зақымдану дерегі бойынша) «Partners Realty» ЖШС-не қатысты әкімшілік шаралар қабылдау үшін «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ-ге жолданды.
2021 жылғы 13 сәуірде сағат 11:14-де ҮП-37 – ҮП-4 10 кВ кабель желісі авариялық жағдайда ажыратылды. «Астана-АЭК» АҚ сынаулар және диагностика қызметінің зертханасы Пушкин көшесінде № 11 ғимарат ауданында су құбыры құрылысының учаскесінде 10 кВ кабель желісінің механикалық зақымдану орнын анықтады. Жұмыстарды «КазГерСтрой» БК» ЖШС «Астана-АЭК» АҚ рұқсатынсыз және келісімінсіз жүргізген. Сағат 12:13-те 10 кВ желілерде жедел ауыстырып қосу жүргізілді және тұтынушыларды электрмен жабдықтау қалпына келтірілді, электрмен жабдықтауды шектеу алынып тасталды.
Қалпына келтіру құрылыс компаниясының өз қаражаты есебінен жүргізілді. Сол күні сағат 22.29-да 10 кВ кабель желісі қалпына келтіріліп, «Астана-АЭК» АҚ жедел-диспетчерлік қызметіне сынақ хаттамасымен бірге, қосуға өтінім берілді. Технологиялық бұзушылық бойынша құжаттар (КЖ 10 кВ зақымдану дерегі бойынша) «КазГерСтрой» БК» ЖШС-не қатысты әкімшілік шара қабылдау үшін «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ-ге жолданды.
«Астана-АЭК» АҚ құрылыс-монтаждық ұйымдардың назарын аударады: жазатайым оқиғаларды болдырмау және инженерлік желілердің барлық түрлерін сақтау мақсатында, барлық жұмыс түрлерін оларды бастамас бұрын Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық қызметтерімен келісу қажет!
Жер жұмыстарын жүргізуді келісу жөнінде «Астана-АЭК» АҚ өкілдерін шақыруға арналған телефондар:
- Алматы, Байқоңыр, Сарыарқа аудандары 620-395, 620-386, 79-39-85;
- Есіл ауданы 500-526;
- iKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы 109 телефоны бойынша.