Орталық диспетчерлік қызметінің 10 жылдық мерейтойы!

22 декабря 2020

ОДҚ штатына энергетика жүйесінде үлкен тәжірибесі бар қызметкерлер қабылданды («KEGOC» АҚ, «АҮЭК» АҚ). Сондықтан, тәжірибелі қызметкерлердің үш айдың ішінде «нөлден» жаңа қызметті құрғаны  таңқаларлық жағдай емес: олар техникалық және жедел құжаттаманы әзірлеп, мнемониялық қалқанды құрастырды  (энергия торабының схемасы),  бөгде ұйымдармен  өзара қарым-қатынас  регламенттерін келісіп, лауазымдық және жергілікті нұсқаулықтарды әзірледі.

Міне, 2010 жылғы 22 желтоқсанда, энергетиктердің кәсіби мерекесі күні Астана қаласы әкімі орынбасарының қатысуымен  Орталық диспетчерлік қызмет салтанатты түрде ашылды. Ол тәулік бойы кезекшілік жүргізуге және Астана қаласының энергия торабының 110 кВ желілерінде сенімді және авариясыз жұмыс режимін қамтамасыз етуге көмектесуі тиіс болды.     

2011 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде ОДҚ басшылығымен техникалық қызметтермен бірлесіп 110 кВ жаңа желілер (әуе желілері, кабель  желілері мен 110 кВ шағын станциялар) және 220 кВ желілер (220 кВ орамы,   220 кВ шағын станциялар мен әуе желілері) пайдалануға берілді, белгіленген режимге сәйкес желінің тұрақты жұмысы жолға қойылды. Осылайша елорданың электр желілерінде технологиялық бұзушылықтар  саны  азайды. Сондай-ақ «Astana EXPO-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі сәтті өтті.   

Қазіргі уақытта «Астана-АЭК» АҚ ОДҚ диспетчерлік басқаруында  және қарауында Нұр-Сұлтан қаласы энергия торабының 220-110 кВ желілері; кернеуі 10-220 кВ жабдықтар – ол 220кВ үш шағын станциясы  мен  110кВ 29-шағын   станциясы; 220кВ орамы (220 кВ сегіз желісі) және 110кВ ЭЖЖ (110 кВ 24-желісі),  сондай-ақ 110кВ сегіз желісі мен энергия торабының көршілес АЭК 110кВ үш шағын станциясы бар.       

ОДҚ негізгі міндеті – елорда тұтынушыларын үздіксіз электрмен жабдықтау үшін 220-10кВ энергия желілерінің тынысын күндіз-түні қадағалау болмақ.   Бұл міндетті қызметтің 15 қызметкері жоғары деңгейде атқаруда.

Қызмет басшылары: 

1. 2010-2012 ж.ж. – Бектасов Сағынбай Қалиақпарұлы;

2. 2012-2016 ж.ж. – Нуров Даулет Николаевич;

3.2016 жылдан бастап қазіргі уақытта – Байтұяқов Наурызбек Түлкібайұлы.

 

Орталық диспетчерлік қызметтің бастауында кәсіпорын ардагерлері В.А.Кучер, В.П.Киров, С.Ш.Мусин (ҚЭҚ еңбегі сіңірген энергетигі), Т.М.Пологова, Л.Н.Бондарева (зейнеткерлік демалыста), Г.К.Орумбаева, Д.Н.Нуров (жедел диспетчер, ҚЭҚ Құрметті энергетигі) тұрды. Кәсіпорынның дәл осы «алтын» кадрлары энергетиктердің жаңа буынын тәрибелеуге көмектесе отырып, жастармен өз білімдерімен және тәжірибесімен бөлісті. Бұдан басқа,  ОДҚ персоналы үнемі өздерінің кәсіби даярлығын жетілдіріп,  жыл сайын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мамандандырылған оқу орындарында біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.     

Орталық диспетчерлік қызметінде аянбай еңбек етіп жатқан жандарды   10 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз! Сіздерге  мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете берулеріңізді тілейміз!