Мереке Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел үшін атқарған ерен еңбегінің құрметіне орай бекітілген болатын. Дәл осы 1 желтоқсанның таңдалып алынуы бекер емес.
Себебі 1991 жылдың 1 желтоқсанында тәуелсіз қазақ елінде алғашқы президенттік сайлау өтіп, онда Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың қолдауына, халықтың ерік білдіруімен өз қызметін атқаратын саяси құқыққа ие болды.
Шындығында, мемлекет басшысының елімізді аяғынан нық тұрғызып, әлемге танытудағы еңбегі ұшан-теңіз. Осы егемендігіміз арқасында тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялап, егемендік алғаннан бері де жиырма жылдан асты. Осы уақыт аралығында Қазақстанды барша әлем таныды. Әлемдегі жоғары дамыған өркениетті мемлекеттермен тәуелсіз Қазақстан терезесі тең, беделі жоғары, болашағы зор мемлекет болып қалыптасты.