Елорданың қарқынды дамуымен КЖҚ қызметкерлерінің жұмыс көлемі де артып келеді. Статистикаға көз жүгіртсек: 2005 жылы «Қалалық электр желілері» АҚ теңгеріміндегі кабель желілердің ұзындығы 680 км құрады. Ал 2020 жылы «Астана-АЭК» АҚ ұзындығы 2 200 км кабель желілеріне қызмет көрсетеді.
Бүгінде КЖҚ персоналы 66 адамды құрайды. Қызметте жұмыс істеу оңай емес: КЖҚ бригадалары жаңбыр, қар, боран, аяз немесе ыстық болсын, кез-келген ауа-райы жағдайында, күн мен түннің кез-келген уақытында, демалыс және мереке күндері әрқашан сақадай сай тұрады. Себебі тек осылай ғана еліміздің бас қаласын үздіксіз энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етуге болады. Елордалық мәртебеге ие болған кәсіпорын алғашқылардың бірі болып бригадалардың жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік беретін жаңа технологияларды енгізгені қуантады. Мысалы, ескі қорғасын муфталар қызумен орналастыратынға ауыстырылды. Заманауи арнайы техника сатып алынды: жаңа тракторлар, аспалы жабдықтары бар шағын экскаватор, пиротехникалық тесу, жөндеу және монтаждау жөнінде электрмонтердің құралдары. Осының бәрі муфталарды орнату уақытын 8 сағаттан бір сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
Қызмет жұмысында жоғары көрсеткіштерге қарапайым электрмонтер болып бастаған тәжірибелі шеберлердің арқасында қол жетуде, олар Табулов Қуат Бағытұлы, Қапаров Бауыржан Айжанұлы, Жұматаев Архат Маратұлы, Серіков Жасұлан Заңұлы, Әліқұлов Омархан Абдрахманұлы, Таутеков Серік Тоқанұлы, Жүнісбеков Асан Мұхтарұлы және Елубаев Нұрлан Мұхаметжанұлы. Олардың басшылығымен 20/10 кВ кабель каналы бойынша жетекші инженер – Қызылбаев Әлібек Серікұлы, кабель каналдарын қадағалау жөніндегі инженер – Әмірқанов Темірлан Мұсатайұлы, жөндеу және монтаждау жөніндегі электрмонтер – Сұлтанов Дулат Сүйіндікұлы, жөндеу және монтаждау жөніндегі электрмонтер – Байжанов Жанболат Ерболатұлы, жөндеу және монтаждау жөніндегі электрмонтер –Қапаров Ильдар Айжанұлы сияқты жас және перспективалы қызметкерлер жақсы нәтижелер көрсетуде.
Кәсіпорында 25 және одан да көп жыл еңбек еткен және кабель желілері қызметінің дамуына зор үлес қосқан еңбек ардагерлерін ерекше атап өткен жөн: кабель желілерін жөндеу және монтаждау жөніндегі электрмонтер Линд Алексей Генрихович және Жұмағұлов Серік Әлімбайұлы, ИЗПИ тобының жетекші инженері Николаев Валерий Иванович, сынау және өлшеулер жөніндегі электрмонтерлер Торопеев Анатолий Гаврилович және Грошев Владимир Владимирович, аға шеберлер Сыздықов Нығметжан Үсенұлы мен Сыздықов Мұхамеджан Үсенұлы, кабель желілері трассаларын қадағалау тобының шебері Ивахнова Надежда Ивановна, кабель желілерін қадағалау жөніндегі электрмонтерлер Шпехт Елена Ивановна, Царева Раиса Семеновна, Фуксман Елена Александровна және Шевчук Людмила Васильевна.
Көптеген жылдар бойы кәсіпорында еңбек етіп келе жатқан қызметкерлер: Павлович Юлия Васильевна – электр желілері трассаларын қадағалау жөніндегі сектордың бастығы (еңбек жолын 2006 жылы электрмонтер болып бастаған, 2011 жылдан бері секторды басқарады; сондай-ақ еңбек әулетінің өкілі болып табылады); Пуха Алла Викторовна – пайдалану жөніндегі электрмонтер, Симиненко Галина Алексеевна – кабель желілері трассаларын қадағалау жөніндегі сектордың электрмонтері, Таутеков Серік Тоқанұлы – шебер, Мұсаилов Нұржан Шахманұлы - кабель желілерін жөндеу және монтаждау жөніндегі электрмонтер.
Кабель желілері қызметінде аянбай еңбек етіп жатқан жандарды 15 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете берулеріңізді тілейміз!