Сарайшық көшесі бойындағы кабель каналы трассасын қарау кезінде кабель желілерін ұрлау мақсатында каналға кіру үшін жасалған саңылау табылды, соның салдарынан технологиялық бұзушылық орын алды.
"Астана-АЭК "АҚ авариялық бригадаларының жедел күшімен 17:22-де, 17:46-да және 18:11-де тұтынушылар объектілері кезең-кезеңімен қайта іске қосылды және электрмен жабдықтау бойынша шектеу толығымен алынып тасталды. Қазіргі уақытта кабель желілерінің зақымдану көлемін анықтау және одан әрі қалпына келтіру үшін кабель каналын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жұмысқа екі жөндеу бригадасы мен 4 арнайы техника жұмылдырылды.