Егер Сізге:
- дайындалып жатқан немесе орын алған сыбайлас жемқорлық, алаяқтық және ұрлау дерегі туралы;
- сатып алу процедурасы кезіндегі бұзушылықтар туралы;
- лауазымды тұлғалардың қызмет бабын теріс пайдалану және өкілеттігін асыра қолдану туралы;
- «Астана-АЭК» АҚ-ға материалдық шығын келтіретін немесе келтіруі мүмкін немесе іскерлік беделіне зиян келтіретін жасалған басқа әрекеттер туралы
мәлім болған жағдайда Сізге қолайлы тәсілмен:
- otziv@astrec.kz «Астана-АЭК» АҚ электрондық поштасына;
- «Астана-АЭК» АҚ-ның Домалақ ана көшесі, 9 орталық кеңсе мекенжайына (жұмыс күндері 8.30 бастап 17.30 дейін, үзіліс 13.00 бастап 14.00 дейін);
- «Астана-АЭК» АҚ жұмыскерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша 620 469 сенім телефоны, WhatsApp +7 708 425 0283, 250283 бойынша (жұмыс күндері сағат 8.30-дан 17.30-ға дейін, үзіліс 13.00-ден 17.00-ге дейін) хабарласуға болады;
- барлық Қазақстан бойынша жұмыс істейтін 1424 сенім телефонына дереу
хабарлауды сұраймыз.
Біле тұра жалған мәлімет таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 130-бабымен жауапкершілік көзделгендігін ескертеміз.
Жүгінуді құпия сақтауға кепілдік береміз. Домалақ арыз (арызды жолдаушының аты-жөні көрсетілмеген) қаралмайды.