Баспасөз турына қатысушылар, оның ішінде «Әділет» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы мен Қазақстандық «Айқын тариф» қауымдастығының «Камеда» ҚҚ өкілдері, 2019-2020 жылдары «Астана-АЭК» АҚ инвестициялық бағдарламасының жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілген нысандарды аралады.
«Астана-АЭК» АҚ инвестициялық бағдарламасын іске асыру барысында 2019 жылы келесі жұмыс түрлері орындалды:
- саны 42-дана ҮШС, ТШС, КТШС күрделі жөндеу
- ескірген жабдықты ауыстыру, оның ішінде:
- саны 75-дана сүйеу шкафын ауыстыру;
- саны 12-дана КТШС- жанында КҮШ орнату;
- саны 17 дана ҮШС, ТШС, КТШС-да жабдықты ауыстыру;
- саны 6 жинақ 150 А/с аккумуляторлық батареяны ауыстыру;
- «Южная» ШС-да саны 1-дана жеке қажеттілік қалқандарын (ЖҚҚ) ауыстыру;
- ҮШС-14-те саны 1-дана жабдықты ауыстыру;
- ҮШС, ТШС-да саны 12-дана жабдықты ауыстыру.
-белсенді-бейімделген желілерді ұйымдастыру үшін мониторинг және басқару жүйесі (SCADA) бөлігінде «Школьная» ШС және «Южная» ШС жетілдіру.
Бұл жұмыстар физикалық тозған жабдықты ауыстыру қажеттілігінен туындады, сол арқылы желілердің өткізу қабілетін арттыруға және қосымша тұтынушыларды қосуға, қаланы сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Сондай-ақ инвестициялық бағдарлама бойынша электр энергиясын бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйесін (ЭБЕАЖ) енгізудің ауқымды бағдарламасы іске асырылуда.
2019 жылы жеке секторда өлшеген кезде үлкен қателік жіберетін ескі индукциялық есептегіштерді ЭБЕАЖ жүйесінде жұмыс істейтін саны 8 589 дана есептегіштерге ауыстыру жүргізілді.
«Западная» ШС қайта құру жүргізілді, бұл шағын станция жұмысындағы проблемаларды, ескі немесе ақаулы жабдықты пайдалану кезінде жиі болатын энергиямен жабдықтаудағы іркілістер мен аварияларды болдырмауға көмектесті. Бұл кез келген зақымдану кезінде желіден ажыратылған тұтынушылар санын азайтуға, жаңа тұтынушыларды қосуға, электр беру желілері жұмысының сенімділігін арттыруға, электр беру желілерін жөндеуге жұмсалатын шығындарды қысқартуға, пайдалы босату көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
ТШС, КТШС-ға саны 128-дана трансформатор сатып алынды және ауыстырылды, бұл қосымша тұтынушыларды қосуға, сенімділікті және үздіксіз электрмен жабдықтауды арттыруға мүмкіндік берді.
Бүгінгі күні инвестициялық бағдарлама аясында 2020 жылдың 1-2 тоқсанында келесілер орындалды:
- ӘЖ-10кВ және ӘЖ-0,4 кВ күрделі жөндеу жоспардағы 36,6 км немесе 38% кезінде ұзындығы 13,9 км көлемінде орындалды, ҮШС, ТШС, КТШС күрделі жөндеу 9-дана немесе бекітілген 100% орындалды.
- Саны 25 дана сүйеу шкафтарын сатып алу жөнінде шарт жасалды, монтаждау аяқталуда. 4-дана түзеткіш құрылғыны ауыстыруға шарт жасалды, жұмыстар жүргізілуде. Саны 5-дана кіріктірілген тоқ трансформаторы ауыстырылды.
- Релелік қорғау бойынша жұмыстар орындалды, атап айтқанда 14 дана қорғаныс терминалдары мен басқару панельдері.
- 2020 жылғы инвестициялық бағдарлама аясында «Новая» ШС және «Левобережная» ШС қайта жаңарту үшін саны 4-дана күш беретін трансформаторлар сатып алынды. Жыл соңына дейін «Новая» ШС-ны қайта құру бойынша жұмыстарды аяқтау, «Заречная» ШС, «Степная» ШС, «Арман» ШС, «ИКИ» ШС-ға SCADA енгізу бойынша жұмыстарды орындау жоспарлануда.
Қатысушылар кәсіпорындағы инвестициялық бағдарлама барысы туралы есепті мұқият зерттеп, өзінің ұсыныстары мен тілектерін білдірді. Кәсіпорынның жұмысында ескертулер анықталған жоқ.
Инвестициялық және жөндеу бағдарламасын орындау энергия жүйесінің тұрақты жұмысын және күзгі-қысқы кезеңде тұтынушыларды үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.