«Астана-АЭК» АҚ Басқарма төрағасы С.Балқышев салтанатты іс-шарада қатысушыларды Конституция күнімен құттықтап, Басты заңның еліміздің қоғамдық өміріндегі маңызды рөліне тоқталды. Ол сондай-ақ Конституцияның арқасында экономика тұрақты дамып, бейбітшілік пен келісім сақталып, азаматтардың ертеңгі күнге деген сенімі нығая түсетінін атап өтті. Жиналғандарға мықты денсаулық пен еңбекте табыс тілей отырып, Басқарма төрағасы марапаттауға кірісті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылы 8 ақпанда Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы құрметіне мерекелік медаль тағайындау туралы қаулы қабылдады. Мерекелік медальдің белгісі «25 ЖЫЛ» және «ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА» деген жазулары бар шеңберді және Қазақстан Республикасының Конституциясын білдіретін ашылған кітаптың бейнесін білдіреді.