40 жыл бойы Ақмола жерінде Қазақстанның астанасын электр қуатымен қамтамасыз ететін республикалық масштабтағы алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың бірі жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде энергия беруші кәсіпорын мен еліміздің бас қаласының біртұтас тағдыры болды. Бірге шарықтауды, қайта құрудың ауыр кезеңін бастан кешірді.
Кәсіпорында жақсы жылдарын қаланың электр желілерін құруға және қалыптасуына сарп еткен адамдар жұмыс істейді. Электр беру желісінің әрбір метріне және шағын станциялардың әрбір шаршы метріне «Астана-АЭК» АҚ қызметкерлерінің еңбегі сіңді деп нық сеніммен айтуға болады.
Уақыт ырыққа көнбейді, жылжып өтеді, өкінішке орай, қазір бізбен бірге қалалық электр желілерін құрудың бастауы болған бірінші басшылар Суесинов Сафи Тапсайұлы, Бурхан Валерий Семенович және олардың көптеген серіктестері жоқ, бірақ олар бастаған іс энергетиктердің жаңа буынының сенімді қолында деуге болады.
Бүгінгі таңда «Астана-АЭК» - бұл заманауи жабдықтар мен жаңа технологиялар ғана емес, бұл:
- кәсіпорынның ұйымшыл ұжымын құрайтын 1000-нан астам жұмысшылар
- 1331 шағын станция, оның ішінде 3-шағын станция 220 кВт, кернеуі 110 кВ 28-шағын станция, 1300 үлестіру пункті мен кернеуі 20/10/0,4 кВ трансформаторлық шағын станция.
- кернеуі 220/110 кВ 170 км астам және кернеуі 10/0,4 кВ 700 км астам электр берудің әуе желілері.
- кернеуі 220/110 кВ 100 км астам, кернеуі 20/10 кВ шамамен 2200 км және кернеуі 6/0,4 кВ шамамен 1000 км кабельдік электр желілері.
- диспетчерлік-технологиялық басқарудың заманауи құралдары,
- арнайы машиналар мен механизмдердің көрнекті паркі,
- жылжымалы дизельді электр станциялар.
- заманауи стационарлық және мобильді зертханалар,
- барлық өндірістік бөлімшелерді, зертханаларды, техниканы және арнайы механизмдерді орналастыруға мүмкіндік беретін жеке база.
Пайдаланудың дәстүрлі әдістерін қолдану, көп жылдық тәжірибе, озық ақпараттық технологияларды енгізу – бұл «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ-ның электр энергиясын тасымалдаудың тұрақты процесін, ең бастысы елорда тұтынушыларын сенімді және сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету жөніндегі негізгі өлшемшарты.
«Атқарылған жұмыс үшін сыйақы - бұл одан да көп жұмыс істеу мүмкіндігі». Біздің кәсіпорынның құрылғанына 40 жыл толу мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Бізге тап болған барлық қиындықтар мен проблемалар артта қалсын, ал болашақ команияның барлық бастамаларына сәттілік пен табыс әкелсін. Барлық ұжымға мықты денсаулық, отбастарына амандық және елордамыздың игілігі үшін жаңа жетістіктер тілейміз!