Рамазан Рахметұлы 1977 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын инженер-электрик мамандығы бойынша тәмамдады. Сол жылы «Целиноградсельхозстроймонтаж» тресінің Целиноград іске қосу-жөндеу учаскесінің инженер-жөндеушісі болып жұмысқа кірісті. 1980 жылы, Целиноград қалалық электр желілері құрылған жылы Р.Р.Оразақов энергетик мансабын электроавтоматика, байланыс және электр өлшеулер қызметінің инженері лауазымынан бастады, еңбек жолын өндірістік-техникалық қызмет инженері және 110 кВ шағын станцияның аудандық бастығының орынбасары болып жалғастырды. 1999 жылдан 2011 жылға дейін Рамазан Рахметұлы «Қалалық электр желілері» АҚ бас инженері болып еңбек етті. Көп жағдайда Р.Р.Оразовтың жабдықтарды және электрмен жабдықтаудың оңтайлы схемаларын таңдаудағы бас инженер ретінде үлкен тәжірибесінің арқасында елорданың электр желілері тұрақты және сенімді жұмыс істейді.
Бүгінде Р.Р.Оразақов «Астана-АЭК» АҚ өндірістік-техникалық қызмет бастығының орынбасары лауазымында, энергетика ардагерлері кеңесінің төрағасы қызметін қоса атқара отырып, елорданың электр желілерін дамытуға өз үлесін қосуды жалғастыруда.
Жоғары кәсіби біліктілігі және Қазақстанның энергетика саласындағы көпжылғы еңбегі үшін «Құрметті энергетик», "Еңбек сiңiрген энергетик" атағы берілді, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен, ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен және т.б. марапатталған.
Рамазан Рахметұлы біздің тәлімгеріміз болып табылады және сол кісінің арқасында өз жұмысын аса жауапкершілікпен және кәсіби орындайтын энергетиктердің лайықты буыны өсіп жетілді. Оның мақтау сөздері көптеген қазіргі энергетиктер үшін марапаттан да қымбат.
Рамазан Рахметұлына мықты денсаулық, отбасына амандық, ұзақ өмір тілейміз!
«Астана-АЭК» АҚ ұжымы мен басшылығы кәсіпорынға баға жетпес үлес қосқаны үшін зор алғыс білдіреді және жемісті әріптестік одан әрі жалғасады деп үміттенеді!