Нұр-Сұлтан қаласының 2019-2020 жылдарға жылу маусымы қорытындыланды

20 апреля 2020

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу ережелеріне сәйкес, ауаның орташа температурасы бес тәулік бойы 10°C және одан жоғары болса, жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданады.  

«Астана-Энергия» АҚ бойынша жылыту маусымы кезеңінде 2 234 млн. кВт сағат электр энергиясы және 6 122 мың Гкал жылу энергиясы өндірілді. Қаланың энергия көздерінде 2 767 мың тонна көмір (37 437 вагон), 5 226 мың тонна мазут (87 цистерна) жұмсалды. Жылу беру маусымын өткізу кезеңінде жылу энергиясының ең жоғарғы босатылуы 2020 жылдың 29 қаңтарында тіркеліп, 2 168 Гкал/сағатты құрады. Электр жүктемесінің максимумы 2019 жылдың 21 қарашасында тіркелді және 676 МВт/сағатты құрады. ЖЭО-2 көзіндегі шиналардан босату 303 МВт/сағатты құрады, айырманы өтеу үшін (373 МВт/сағат) сыртқы көздерден электр энериясы сатып алынды», – деді Е.Базил. 

Сонымен қатар, ол «Астана-ӨЭК» АҚ бойынша жылу беру маусымында электр энергиясын желілер арқылы тасымалдау көлемі – 2 163 млн. кВт сағатты құрағанын атап өтті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1%-ға аз екенін атап өтті. 

Өткен жылыту маусымында «Астана-Теплотранзит» АҚ 5 527 мың Гкал көлемінде жылу энергиясын беруді және таратуды қамтамасыз етті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,6%-ға төмен.

 

Дереккөз: http://astana.gov.kz/kz/news/news/22446