1987 жылы басшыларды таңдау үдерісі белсенді жүріп жатқан кезде Валерий Кушнаренко Целиноград электр желілерінің бас инженері лауазымына өз кандидатурасын ұсынады және бұл ретте бір басты мақсат – жоғары кәсіби кадрлар жиналған ұжымды сақтап қалуды басшылыққа алады. Валерия Анатольевич кез келген істі орындауда үлкен жауапкершілікпен, шығармашылық тәсілдеме, кәсіби біліктілік және үлкен бауырмалдықпен ерекшеленді.
Осы қасиеттердің арқасында баламалы сайлау нәтижесі бойынша
В.А.Кушнаренко Целиноград электр желілерінің бас инженері болып сайланады. Кәсіпорынның техникалық басшысы бола отырып, ол өнеркәсіптік кәсіпорындарды энергиямен қамтамасыз ету жағдайына, жаңа технологияларды енгізу және барлық қаланы энергиямен қамтамасыз етуде үздіксіз жұмысына жауапты болды. Ол алдына қойылған міндеттерді ойдағыдай орындайды. 1999 жылдың 31 мамырында В.А.Кушнаренко «Қалалық электр желілері» АҚ бірінші басшысы болып тағайындалады және осы қызметте 2011 жылға дейін еңбек етеді.
Кушнаренко Валерий Анатольевич 1951 жылы Ақмола облысының Астрахан ауданында дүниеге келген. 1974 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтына электрлендіру факультетіне оқуға түседі. Жоғарғы оқу орнын аяқтағаннан кейін В.А.Кушнаренко өзінің еңбек жолын Целиноград электр желілері кәсіпорнының инженер-релеші болып бастайды. 1980 жылы ол Целиноград электр желілерінің релелік қорғау, автоматика және байланыс қызметінің бастығы лауазымына тағайындалады. Сол жылы кәсіпорын ұжымы Валерий Анатольевичке босатылмаған кәсіподақ комитетінің төрағасы етіп сайлап, үлкен сенім артады, бұл қызметте ол 5 жыл жұмыс істейді. Жоғары кәсіби біліктілігі үшін В.А.Кушнаренко «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Астана» мерекелік медалімен, «ТМД еңбек сіңірген энергетигі» атағымен және басқа да құрмет грамоталарымен, марапаттармен марапатталған.
«Астана-АЭК» АҚ ұжымы білікті және талапкер басшы Валерий Анатольевичпен жұмыс істеген жылдарын құрметпен және аса жылылықпен еске алады, бағалайды. В.А.Кушнаренко қалалық мәслихаттың 3 және 4 шақырылымдағы депутаты - халық қалаулысы болды. Ұлдары әкесінің жолын қуды: Александр біздің кәсіпорында диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары қызметінің бастығы болып жұмыс істеді, Алексей энергетика саласында құрылыспен айналысады.
Валерий Анатольевич! Ұжым Сізді ақылман басшы, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, құрмет тұтады. Сізге ұзақ өмір, мықты денсаулық және амандық тілейміз!