Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасына және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша карантиндік аймақ аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың шешіміне сәйкес «Астана-АЭК» АҚ-да барлық қажетті шаралар қабылданды:
- іс сапарлардың барлық түрлері тоқтатылды;
- жиналыстардың барлық түрлері қашықтықтан online-жұмыс режиміне ауыстырылды;
- демалысқа жіберілген және қашықтан жұмыс режиміне көшкен әкімшілік және техникалық персонал 2020 жылғы 17 наурыздан бастап желілердегі және шағын станциялардағы жедел-техникалық және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына тартылмайды;
- күн сайын күніне 2 рет дезинфекциялау құралдарымен және ерітінділермен тазалық жұмыстары жүргізіледі;
- келушілерді қабылдауға және ғимаратқа кіруге тыйым салынады, тұтынушылармен жұмыс online-режимге ауыстырылды;
- санитайзерлер орнатылды және күн сайын жұмыс басталар алдында барлық персоналды тепловизором тексеру жүргізіледі;
- персонал үшін 6000 маска, 225 литр антисептиктер, диспетчерлік және өндірістік қызмет кабинеттеріне 15 дана кварц шамдары сатып алынды;
- «Астана-АЭК» АҚ автокөлігінің барлық жүргізушілеріне автокөлікті жуу және дезинфекциялау үшін барлық дезинфекциялық құралдар (хлор, белизна, қолғап, шүберек, шелек) берілді;
- 2020 жылғы 20 наурызда мамандандырылған ұйымды тарта отырып, жалпы ауданы 13962 шаршы метр ӘТК ғимаратына кешенді дезинфекциялау жүргізілді;
- күнделікті санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау бойынша қызметкерлерге жоспардан тыс және мақсатты нұсқаулықтар жүргізіледі;
- 2020 жылдың 30 наурызы мен 6 сәуірі аралығында кезекші жедел-жөндеу және жөндеу персоналынан басқа барлық қызметкерлер қашықтықтан жұмыс режиміне жіберілді