Мұндай спорттық кездесулер дәстүрлі түрде, алтыншы жыл салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіледі. Биылғы жылы командалар саны 12-ге дейін артты. Жыл сайын қатысушылардың шеберлік деңгейі артып келеді, бұл энергетиктердің спортқа және денсаулыққа деген қызығушылығын білдіреді.
Бірінші болып волейбол командалары жарысқа шығады. Одан әрі бір ай бойы футбол, үстел теннисі, шахмат, дойбы және «тоғыз құмалақ» бойынша кездесулер өтеді. Әр спорт түрі бойынша жарыстың ережелері мен шарттары келісілді. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттап, спартакиаданың аяқталуы 2020 жылдың 20 наурызына жоспарланған. Сондай-ақ бұл күні ұлттық ойындар, қой және гір көтеру, арқан тарту сияқты жарыстар өтеді.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!