«Астана-АЭК» АҚ АҚ және ТЖ штабының ақпараты бойынша, РКШО кезеңінде 110/10 кВ «Қараөткел» ШС-да 10 кВ әуе желісіндегі авариялық жағдайды жою бойынша кешенді оқу-жаттығу өткізілді. Есіл ауданының электр желілері мен механизация және көлік қызметінің күшімен шағын станция қардан тазартылды. Кабель желілері қызметімен бірге кабель каналы құм себу үшін ашылды. Кешенді оқу-жаттығу қорытындысын шығару кезінде Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының ТЖ басқармасы «Астана-АЭК» АҚ ТЖ жөніндегі комиссиясының және Азаматтық қорғаныс құрылымдары жеке құрамының іс-әрекеттерін сауатты, үйлесімді және жедел деп бағалады.