Кездесу барысында депутаттар кәсіпорынмен танысып және компания жұмыскерлерімен Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарын талқылады. Кәсіпорын жұмыскерлері «Астана-АЭК» АҚ қызметінің өзекті мәселелерін қозғады. Атап айтқанда Р.Р.Оразақов (ӨТҚ бастығының орынбасары) тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігі мен электр желілердің жұмыс тұрақтылығына елеулі жағымсыз ықпал ететін сыртқы электрмен жабдықтау желілерін жобалау және салу сапасының өзекті мәселесін сөз етті. Жұмыс жүргізу кезінде жобалық шешімді және нормативтік-техникалық құжат талаптарын сақтамағаны үшін, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгеріс енгізу жолымен, мердігер ұйымдардың жауаптылығын күшейту қажеттілігі атап өтілді.
Сондай-ақ Парламент Мәжілісі депутаттарымен диалог барысында В.В.Степаненко (ЕАЭЖ шебері) энергетикалық саланың техникалық және шеберлер құрамының мәртебесін, оның ішінде жалақыны арттыру жолымен көтеру қажеттігін атап өтті. Кездесу жалпы естелік суретке түсумен аяқталды.