Елорда әкімі Алтай Көлгінов үздік энергетиктерге алғыс хат тапсырды. Сондай-ақ, электр энергетикасы саласының дамуына қосқан үлесі үшін лайықты энергетиктерге «ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі» құрметті атағы, ТМД-ның электр энергетикалық Кеңесінің Құрмет грамоталары, «Еңбек сіңірген энергетик», «Құрметті энергетик» және «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының Құрмет грамоталары», «Құрмет белгісі» медалі, Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының құрметті грамотасы «Құрмет грамотасы», Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «алғыс хаты», Қазэнергопрофсоюздың «құрмет грамотасы» берілді.