Біздің Республика Орталық Азия өңірінің көшбасшысы болып табылады. Қазақстан соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Біз барлық экономикалық жүйені қайта құрудың арқасында экономикада елеулі табыстарға қол жеткіздік. Экономикалық реформалардан басқа біздің тәуелсіз Қазақстанда Республиканың халықаралық аренадағы беделін айтарлықтай арттырған саяси реформалар жүргізілді. Қазақстан халықаралық және аймақтық ұйымдардың мүшесі болып табылады, батыс және шығыс мемлекеттерінің сенімді серіктесі ретінде танымал.