Техникалық инспекторлар және кәсіподақ көшбасшылары еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы еңбек заңнамасы, өнеркәсіптік және өндірістік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөнінде өндірістік кеңестің жұмысын ұйымдастыру және техникалық инспектордың негізгі функциялары мәселелерін талқылады.
ҚР кәсіподақ федерациясының оқу орталығының өкілі жұмыс беруші және заң алдында еңбек ұжымы мүшесінің құқығын қалай қорғауға болады және қорғау керек, өндірісте қандай сақтандыру сәттер туындайды деген сияқты нақты мысалдармен түсінікті етіп айтып берді. Семинарда энергетикалық компанияларда жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау саласында кәсіподақтардың маңызды рөліне ерекше көңіл аударылды.
Семинар аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға оқудан өткені туралы сертификат және үлестірме мәліметтер берілді.