Энергия кәсіпорын жұмыскерлерімен кездесуде диалогтық алаңды ұйымдастырушылар «Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасы» ММ бірге «Жастардың әлеуметтік және тұрақты даму қоры» ҚҚ өкілдері сөз сөйледі.
Кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген әртүрлі өзекті мәселелер талқыланды. Кездесуге қатысқан «Дін проблемаларын зерттеу орталығы», «Nyr Otan» партиясының «Jas Otan» қалалық филиалы, Кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру инситуты, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Үздіксіз білім беру» қоғамдық қоры, «Жасұлан» балалар мен жасөспірімдер бірлестігінің өкілдері энергетиктердің сауалына жауап берді.