Компания басшылығы депутаттарды кәсіпорынның техникалық ерекшелігімен, минималды және максималды жүктемелермен қала торабының 220/110 кВ қолданыстағы желілерінің жоспар-схемасымен және 2019-2020 жж. күзгі-қысқы кезеңдерді өткізуге дайындық бағдарламасының және 2016-2020 жж. инвестициялық бағдарламаның орындалуымен таныстырды. Сондай-ақ соңғы 5 жылдың ішіндегі авариялық ағытуларға салыстырмалы талдауды көрсетті: саны 37 пайызға азайған. Қорытындысында электр энергетика объектілерін кәсіпорынның теңгеріміне қабылдау-тапсыру барысы туралы және дебиторлық қарызды өндіріп алу жөнінде қолданылатын шаралар туралы айтылды.
Депутаттар кәсіпорынның өзекті мәселелерін мұқият тыңдап, оларды шешуге көмек көрсетуге шешім қабылдады.