Мұндай спорт жарыстары жыл сайын салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіледі. Жылдан жылға ұйым жұмыскерлерін спортпен айналысуға көптеп тарту өз нәтижесін беруде, биыл командалар саны артып, сайыс түрлері көбейді.
Алғашқы болып футбол командалары жарысқа түсетін болады. Одан кейін бір ай бойы волейбол, стол теннисі, шахмат, дойбы, бильярд және тоғыз құмалақтан кездесулер болады. Қатысушылар құрамына әзірленген ережеге сәйкес тек кәсіпорын жұмыскерлері жіберіледі. Әр спорт түрі бойынша жарыс ережелері мен талаптары келісілген. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттап, спартакиаданың аяқталуы 2019 жылғы 11 желтоқсанда жоспарлануда.
Спортшыларымызға спартакиаданың барлық сайысында жеңіс тілейміз!