«Еңбек Жолы-2019» байқауында сәттілік тілейміз! 

23 октября 2019

Әдебиет Садықұлының энергетикадағы жалпы еңбек өтілі 38 жыл.  Ол «Астана-АЭК» АҚ-ғы еңбек жолын 1996 жылы электр жеткізу желілері қызметінде үлестіру желілерін пайдалану жөніндегі шебер болып бастады.    Жұмысқа деген аса жауапкершілігінің арқасында әр жылдары учаскенің аға шебері, электр жеткізу желілері қызметі бастығының орынбасары болып еңбек етті.  Қазіргі уақытта Алматы АЭЖ 1-санатты инженері болып жұмыс істейді.   

Әдебиет Садықұлы өзінің жұмысын жақсы көреді, энергетик мамандығын құрметті, қызықты және жауапты деп санайды. Білікті, тәжірибелі маман  жас электрмонтерлерді тәрбиелеуге белсенді қатысады.  

2011 жылы Қазақстан Электрэнергетикалық Қауымдастығының Құрмет грамотасымен, 2017 жылы ЕХРО-ға қосқан үлесі үшін кәсіпорынның алғыс хатымен марапатталды және 2018 жылы ҚЭҚ Еңбек сіңірген энергетигі атағына ие болды.  

Әдебиет Садықұлы үшін дауыстарыңызды мына сілтеме бойынша қалдыруға болады:   https://www.enbek.gov.kz/ru/node/364009.