«Астана-АЭК» АҚ-ның жұмыскерлері туралы кішкене статистикалық деректер:
Орта жас – 40 жас, 25 жасқа дейін 11% және 60 жастан жоғары 41 адам. Мамандардың 22 % әйелдер құрайды. Жоғары білімі бар – 48 %, арнайы-орташа біліммен – 26 %. 40 жылдан астам еңбек өтілі бар адамдар саны 29, 20 бастап 40 жылға дейін өтілмен – 31%. Электрмонтерлер және дәнекерлеушілер, бақылаушылар мен операторлар, сылақшы-майлаушы сияқты жұмысшы мамандықтары барлық жұмыскерлер санының 60 % астамын құрайды. Автоматтандырылған технологияны енгізуге байланысты білікті маман қажеттілігі артты. Кәсіпорында энергетикаға жас мамандарды тарту жөнінде бағдарлама іске асырылады.
Мерекемен бірге Қазақстанда «Еңбек ардагері» медалі белгіленген болатын. Медалмен бір салада 10 жылдан кем емес еңбек еткен, 40 жылдан астам өтілі бар, еңбекте жоғары нәтижеге қол жеткізген өндіріс озаттары марапатталады. Мемлекеттік марапатқа, «Еңбек даңқы» орденіне ие болған әріптестерімізді мақтан тұтамыз. Олар: жедел-көшпелі бригада шебері Бекмағамбетов Қайрат Кеңесұлы, жедел-диспетчерлік қызмет операторы Адахманова Дәметкен Құлтасқызы және Байқоңыр АЭЖ электромонтері Байтенов Серікбай Аманжолұлы. Марапат көп жылғы жемісті еңбегі, еңбек өнімділігінің өсімі ықпал ететін, өндірістегі ең жоғары көрсеткіштері үшін берілді. Біздің еңбек ардагерлері өзінің жұмысына жауаптылықпен қарайтын және осы уақытқа дейін астананың энергетикасына өзінің қомақты үлесін қосатын білгір мамандар реттінде танылады.
Барша жұмыскерлерді еңбек күнімен құттықтаймыз! Еңбекте табыс, отбасына амандық тілейміз!