Сенбілік – ол әсем қалада тұру ниетін білдіріп, таза ауада ресми емес жағдайда әріптестердің араласуына арналған тамаша тәсіл, тәртіп адамның өзінде ғана емес, айналасында да болуы тиіс, сондықтан сенбіліктер қажеттілік.
Көтеріңкі көңіл күйге күздің жайма шуақ, ашық күні де ықпал етті. Қажет құрал-жабдықтармен қаруланған энергетиктер бекітілген аумақтарын ретке келтірді. Бірі көше сыпырса, бірі оны жинап, қапшықтарға салып, қоқысқа тасыды. Осылайша қаламызды тазартуға әркім өз үлесін қосты.