«Астана-АЭК» АҚ жұмыскерлер кәсіподағы мен басшылығы екі күн бойы құрбандыққа сойылған малдың етінен дайындалған ыстық аспен барлық жұмыскерлерді тегін тамақтандырды. Сондай-ақ барлық дастарқанда қазақтың ұлттық тағамдары бауырсақ пен шелпек болды.
Мұндай акция энергетикалық кәсіпорын қабырғасында алғаш рет өткізіліп отыр және кәсіподақ ұйымының жемісті еңбегінің арқасында жақсы дәстүрге айналмақ.