Онлайн қолжетімді!

24 июля 2019

Жақында «Астана-АЭК» АҚ-ның қызметкерлері портал пайдаланушыларынан келіп түскен өтінімдермен жұмыс істеу жөнінде оқытудан өтті. Енді «Астана-АЭК» АҚ-ның қызметін үш тәсілмен алуға болады:    

  • «Астана-АЭК» АҚ-ның кеңсесінде (Домалақ ана көшесі, 9);
  • iQala қалалық қызметтер орталығында (Р. Қошқарбаев көшесі, 29);
  • iqala.kz сайтында. 

 

Онлайн режимде қолжетімді қызметтердің тізбесі:

  1. Жеке тұлғаларға электр желілеріне жалғану үшін техникалық шарттарды беру.
  2. Заңды тұлғаларға электр желілеріне жалғану үшін техникалық шарттарды беру.
  3. Жарықтандырудан қосу кезінде қосалқы мердігерлерге тұтынушы берген жеке тұлғаларға арналған техникалық шарттарды келісу.
  4. Үйден қосу кезінде қосалқы мердігерлерге тұтынушы берген жеке тұлғаларға арналған техникалық шарттарды келісу.
  5. Әкімшілік ғимараттан, бизнес-орталықтан, сауда-ойын-сауық орталығынан қосу кезінде қосалқы мердігерлерге тұтынушы берген жеке тұлғаларға арналған техникалық шарттарды келісу.  
  6. Жарықтандырудан қосу кезінде қосалқы мердігерлерге тұтынушы берген заңды тұлғаларға арналған техникалық шарттарды келісу.
  7. Үйден қосу кезінде қосалқы мердігерлерге тұтынушы берген заңды тұлғаларға арналған техникалық шарттарды келісу.
  8. Әкімшілік ғимараттан, бизнес-орталықтан, сауда-ойын-сауық орталығынан қосу кезінде қосалқы мердігерлерге тұтынушы берген заңды тұлғаларға арналған  техникалық шарттарды келісу.