Жөндеу бағдарламасын орындауда 2005 жылы құрылған Есіл аудандық электр желілері (ЕАЭЖ) жақсы нәтиже көрсетуде. Кезекші персонал астананың көрнекті және екпіндеп дамып келе жатқан ауданын электрмен жабдықтау үшін жауап береді. Электрмонтерлердің көптеген кезекшіліктеріне қарамастан ЕАЭЖ жоспарға сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
Электр желілерді 2019-2020 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіндегі жұмысқа дайындығы аясында ЕАЭЖ көктемнің басынан бері ұзындығы 10 км астам 10/0,4 кВ әуе желілеріне күрделі жөндеу жүргізді және техникалық қызмет көрсетті. Сондай-ақ саны 11 – 10/0,4 кВ трансформаторлы шағын станция жабдықтарына жөндеу жүргізді. Орташа Есіл ауданында электр желілерді жөндеу 48,8 процентке орындалды.
Құрметті тұрғындар мен астана қонақтары! Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз! Түсіністік білдіргендеріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Жөндеу бағдарламасының көлемін уақытылы орындау электр энергиясының максималды жүктемесінде күзгі-қысқы кезеңнен ойдағыдай өтуді, Нұр-Сұлтан қаласының электр энергиясының тұтынушыларын авариясыз және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.