Ақкөл Қазақстанда коммуналдық қызмет тұтынушыларының барлығы дерлік толық цифрланған алғашқы қала болып табылады.
Әрбір үй мен пәтер заманауи "ақылды датчиктермен" және есептеу құралдарымен жабдықталған (6000 электр энергиясын есепке алу құрылғысы, оның ішінде 1 500-ге жуық көп пәтерлі үйлерде орналасқан). Бұл аспаптар жағдаяттық орталыққа автоматты түрде түседі.
Бірыңғай платформа қашықтықтан және іркіліссіз барлық негізгі процестерді: құқық бұзушылықтың алдын алудан бастап тұрғын үйлердегі микроклиматты талдауға дейін басқарады.
Платформа сондай-ақ абоненттердің электр энергиясын тұтынуы бойынша деректерді талдайды және аномалияны анықтайды. Егер қандай да бір тұрғын 2-3 күн электр энергиясын немесе суды пайдаланбаса, онда жүйе бұл туралы сигнал береді. Сондай – ақ, егер шамадан тыс тұтыну болса, ақпарат келіп түседі-бұл желіні заңсыз қосу, бұзу, ресурстарды жоғалту үшін тексеру қажет деген белгі, жобаны әзірлеушілер мәлімдейді.
2019 жылдың қаңтар айында таныстырылымнан кейін, Елбасы әріптестермен осындай жобаны Нұр-сұлтан және басқа да қалаларда жүзеге асыру мүмкіндігі туралы сөз етті.