Сұрақ-жауап
Объектіні желіге қосу
«Электр энергиясын пайдалану қағидаларының» талаптарына сәйкес (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген, 2-параграф) объектіні желіге (бір немесе үш фазалы) қосу үшін тұтынушы энергия беруші ұйымға («Астана-АЭК» АҚ) жазбаша өтінім беруі қажет.
Өтінімге келесі құжаттар қоса беріледі:
- жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың немесе жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмесі;
- ситуациялық жоспар;
- өздігімен немесе сараптама ұйымын жұмылдыру арқылы орындалған өтінім берілетін электрлік қуатты есептеу-негіздемесі;
- электрмен жабдықтау объектісіне құқық белгілейтін құжаттар.
Техникалық шарттарды алу тәртібімен, өтінімдерді қарау мерзімдерімен және осы сұрақ бойынша басқа пайдалы ақпаратпен (соның ішінде өтініштердің үлгілері) «Астана-АЭК» АҚ ресми сайтында astrec.kz «Басты Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу» бөлігінде таныса аласыз, сондай-ақ сайтта жүктеп алу қызметімен өтініштердің бланкілері жарияланған («Құжаттардың үлгілері»).
Техникалық шарттарды беру және/немесе қайта ресімдеу үшін төлем алынбайды. Объектіні желілерге қосу бойынша барлық шығындар (жабдықты және кабель өнімдерін, есепке алу құралын сатып алу, жобалау және электр монтаждық жұмыстар) қосатын объектінің меншік иесіне жүктеледі және қажетті іс-шаралардың көліміне байланысты.
Электр есептегіш жұмыс істемейді, қайда бару керек?
Электр энергиясын есептегіш пломбаланбаған не жұмыс істемейтін жағдайда, өтінімді жазбаша түрде «Астана-АЭК» АҚ-ға Домалақ ана көшесі, 9 мекенжайы бойынша электрондық кезек арқылы 3, 4-терезелерге беру қажет. Өзімен бірге өтінім берушінің осы өтінім берілетін ұйымға қатыстылығын растайтын құжат (сенімхат) болуы қажет.. Жеке тұрғын үйлер мен абаттандырылмаған үйлердегі пәтерлер үшін өзімен бірге меншік иесінің немесе сенімхат бойынша оның өкілінің жеке куәлігі болуы қажет.
Сондай-ақ call-орталықта 620-456 телефоны бойынша кеңес алуға болады.
Жеке үйлерде жылына қанша рет көрсеткіштерді бақылап алу жүргізіледі?
«Астана-АЭК» АҚ өзінің қызмет аясында коммерциялық есепке алу құралдарының көрсеткіштерін алуды жүзеге асырады, қызмет көрсетілетін желілерге қосылған тұтынушылардан тұтыну көлемін айқындайды. Тараптардың келісімі бойынша тұтынушы электр энергиясын есепке алу құралдарының көрсеткіштерін «Астана- АЭК» АҚ-ға өздігінен бере алады. Электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдарының көрсеткіштерін алу кезінде тұтынушының жіберген қателіктерін «Астана-АЭК» АҚ олардың анықталуына қарай түзетеді.
Сондай-ақ, «Астана-АЭК» АҚ тұтынушының немесе оның өкілінің қатысуымен есепке алу құралының жағдайын және оны қосу схемасын айқындау мақсатында электр энергиясын коммерциялық есепке алудың жаңа есебін қабылдау және схемаларын тексеруді жүргізеді. Көрсеткіштерді алу және коммерциялық есепке алу схемаларын тексеру мерзімдері регламенттелмеген.
Пломба дегеніміз не? Пломбаның бұзылуына кім жауап береді?
Пломбалау құрылғысы (пломба, пломбалау тросы) - бұл рұқсат етілмеген қол жеткізуді бақылауды қамтамасыз ететін бекіткіш механизмі бар бір рет пайдаланылатын құрылғы.
Есептегіштер мен пломбалардың сақталуына кім жауап береді?
Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңның 19-бабының 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Электр және жылу энергиясын тұтынушылар, тұтынушылардың меншiгiндегi электр және энергия қондырғыларының және коммерциялық есепке алу аспаптарының тиiсiнше техникалық жай-күйін ұстап тұруға, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес олардың техникалық жай-күйіне қойылатын талаптарды орындауға міндетті. Яғни тұтынушы электр қондырғыларын теңгерімде ұстаушысы болып табылған жағдайда есепке алу құралының, пломбаның сақталуы мен бүтіндігі үшін жауапты болады.
Электр есептегіш сараптамасы
Есептегіш сараптамасы дегеніміз не?
ҚР-СТ 2.4 – 2017 Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі «Өлшеу құралдарын тексеру. Ұйымдастыру және өткізу тәртібі» (бұдан әрі – ҚР СТ) 4.1-тарм. сәйкес өлшеу құралдарын тексеру өлшеу құралдарының белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау мақсатында, сондай-ақ олардың қолдануға жарамдылығын анықтау үшін жүргізіледі.
Тексеру әдістемесінің талаптарына сәйкес жүргізілген тексеру олардың осы өлшем құралдарына метрологиялық және техникалық талаптарға сәйкестігін растайтын өлшеу құралдары тексеру аралық интервал ішінде қолдануға жарамды деп танылады.
Сараптама қайда жүргізіледі?
ҚР СТ 4.8-тармағымен «Өлшеу құралдарын тексеруді мемлекеттік метрологиялық қызмет, сондай-ақ тексеру жүргізуге аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері жүзеге асырады. Өлшеу құралдарын тексеруді тиісті өлшеу түрлері бойынша салыстырып тексерушілер ретінде аттестатталған мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің мамандары жүргізеді» деп көзделген.
ҚР СТ 6.1-тармағына сәйкес өлшеу құралдарын тексеру жүргізіледі
- стационарлық тексеру зертханаларында;
- жылжымалы тексеру зертханаларында;
- салыстырып тексерушілерді іссапарға жіберу арқылы, тікелей өлшеу құралдары орналасқан жерлерде;
- өлшеу құралдары иелерінің БӨП-де жүргізіледі.
Ол қандай жағдайларда жүргізіледі?
ҚР СТ 5-тарауында өлшеу құралдарының бастапқы, мерзімдік, кезектен тыс, инспекциялық және сараптамалық тексерулерден өтетіндігі көзделген.
- Бастапқы тексеруге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін не Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, типін бекіту мақсаттары үшін және бекітілген типке сәйкестігі үшін сынақтардан не ҚР СТ 2.30 сәйкес метрологиялық аттестаттаудан өткен және ҚР МӨЖ тізіліміне енгізілген, сондай-ақ жөндеуден шығарылатын өлшеу құралдары жатады.
- Мерзімді тексеруге пайдаланудағы немесе ҚР МӨЖ тізілімінде көрсетілген, белгіленген тексеру аралық интервалдар арқылы сақтаудағы өлшеу құралдары жатады.
- Кезектен тыс тексеруді өлшеу құралдарын тексеру аралық интервал аяқталғанға дейін пайдалану (сақтау) кезінде жүргізеді. Өлшеу құралдарын кезектен тыс тексеруді мынадай жағдайларда жүргізеді: тексеру аралық интервалды түзету қажеттілігі; өлшеу құралдарын қолдануға жарамдылығын растау қажеттілігі; салыстырып тексеру таңбасы бедерінің, өзі жапсырылатын лейблдің, пластикалық пломбаның бүлінуі немесе өлшеу құралдарының бастапқы немесе мерзімдік тексеруден өткенін растайтын құжаттың, оның ішінде оларды сақтау кезінде жоғалуы; өлшеу құралдарын немесе құрамында өлшеу құралдары бар бұйымдарды консервациялауға қойылатын талаптарға байланысты мерзімді тексеру жүргізу мүмкін болмайтын, сақтаудан кейін өлшеу құралдарын пайдалануға енгізу; өлшем құралдарын, сондай-ақ жиынтығында өлшем құралдары қолданылатын бұйымдарды қайта консервациялау; тексеру аралық интервалдың жартысы өткеннен кейін өлшеу құралдарын ұзақ сақтауға беру.
- Өлшеу құралдарын инспекциялық тексеру – олардың дұрыстығын, соңғы тексеру нәтижелерінің дұрыстығын, қабылданған тексеру аралық интервалды нақтылау және өлшеу құралдарын пайдаланудың дұрыстығын анықтау үшін мемлекеттік метрологиялық бақылау және метрологиялық бақылауды жүзеге асыру кезінде жүргізіледі.
- Сараптамалық тексеру метрологиялық сипаттамалар, өлшеу құралдарының жарамдылығы және олардың пайдалануға жарамдылығы бойынша даулы мәселелер туындаған кезде жүргізіледі.
Егер Сіздің есептегішіңіз сараптамада болса, есептеу қалай жүргізіледі?
Егер есепке алу құралы энергетикалық сараптамада болса, есеп айырысу алдыңғы кезеңдегі электр энергиясының орташа тәуліктік шығыны бойынша жүргізіледі.
Энергетикалық сараптама жүргізілгеннен кейін, егер коммерциялық есепке алу қалпына келтірілмесе, дәл солай бір ай ішінде есептеу электр энергиясының орташа тәуліктік шығыны бойынша жүргізіледі. Бұдан әрі есептеу техникалық шарттарға сәйкес рұқсат етілген қуат бойынша жүргізіледі.
Егер электрмен жабдықтау қарыздар үшін ажыратылса не істеу керек? Қайта есептеу неден туындайды?
Қайта есептеу:
- коммерциялық есепке алу құралын уақытылы қалпына келтірмеу (ұйғарым);
- тұтынушы ай сайын есепке алу құралының көрсеткіштерін бермеу;
- тұтынушы есепке алу құралының көрсеткіштерін (интернет, телефон арқылы) қате беру;
- бақылаушы есепке алу құралының көрсеткіштерін қате алу;
- бұзушылық актісі негізінде;
- шарттық қуатты ұлғайту не азайту негізінде;
- шартты бастапқы ашу;
- даулы мәселені шешу комиссиясының шешімі негізінде;
- есепке алу құралын ауыстыру кезінде (алып тастағаннан бастап жаңа есепке алуды қабылдағанға дейін есептеу);
- энергетикалық сараптама негізінде;
- ток трансформаторының номиналы бойынша;
- есептеу құралының мәнділігін анықтау барысында туындайды.
ЭКЕАЖ дегеніміз не?
Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі – электр энергиясын коммерциялық есепке алуды қамтамасыз етеді. Электр энергиясын (қуатын) коммерциялық есепке алу –бұл өндірілген және тұтынылған электр энергиясының (қуатының) мөлшері туралы деректер. Олар жеткізілген электр энергиясы мен қуаты үшін, сондай-ақ көрсетілген жеткізулерге байланысты қызметтер үшін өзара есеп айырысуға арналған. Электр энергиясының мөлшерін өлшеу және қуат көлемін анықтау, осы өлшеулердің нәтижелерін жинау, сақтау, өңдеу, беру және есептеу деректерін қалыптастыру процесі.
Неліктен бүгін ЭКЕАЖ орнату қажет? Орнату кімнің есебінен жүзеге асырылады?
«Электр энергиясын пайдалану қағидаларының» 38, 39-тармақтарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жаңадан іске қосылатын барлық объектілеріне ЭКЕАЖ орнату талап етіледі. 2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Астана-АЭК» АҚ жобаларды өз қаражаты есебінен енгізуде. Бұл жұмыстар жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жеке сектор тұтынушыларына есептегіштерді ЭКЕАЖ есепке алу құралдарына ауыстыру бойынша инвестициялық бағдарламаға сәйкес жүргізілуде.
ЭКЕАЖ-дан бас тартуға бола ма?
Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 19-бабының 2-тармақшасына сәйкес ЭКЕАЖ-дан бас тартуға болмайды.
Электр және жылу энергиясын тұтынушылар:
Тұтынушылардың меншiгiндегi электр және энергия қондырғыларының және коммерциялық есепке алу аспаптарының тиiсiнше техникалық жай-күйін ұстап тұруға, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес олардың техникалық жай-күйіне қойылатын талаптарды орындауға міндетті.
Сондай-ақ «Электр энергиясын пайдалану қағидаларының» 38-тарм. сәйкес Энергиямен жабдықтаушы ұйыммен тұтынылған электр энергиясы бойынша есеп айырысу үшін электр энергиясын тұтынушылардың электр қондырғылары қажетті коммерциялық есепке алу құралдарымен қамтамасыз етіледі. Электр энергиясының есебін жүргізу үшін типтері Өлшем бірліктерін қамтамасыз ететін мемлекеттік тізілімге енгізілген және энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымда коммерциялық есепке алу құралдарының автоматтандырылған паркі болған жағдайда, алыстағы байланысқа бұрын орнатылып, икемделген құрал-жабдықтың ЭКЕАЖ жұмыс өлшемдеріне толық сәйкес келетін жұмыс өлшемдерін ұстайтын электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралының түрі пайдаланылады.
Электрмен жабдықтау шартын жасасу үшін қандай құжаттар қажет?
Тұтынушылармен электрмен жабдықтау шартын жасасу үшін:
- тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен тараптардың электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін бөлу актісінің көшірмелері (көппәтерлі құрылыстарда тұратын жеке тұлғаларды қоспағанда);
- электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісінің көшірмелері;
- мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін), рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірме (жеке кәсіпкерлер үшін);
- жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманың көшірмесі немесе электрмен жабдықтау объектісіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
- ұйымның бірінші басшысын қоспағанда (заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін) жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, электрмен жабдықтау шартына қол қоюға уәкілетті тұлғаға бұйрықтың (сенімхаттың) көшірмесі;
- көппәтерлі құрылыстарда тұратын жеке тұлғаларды қоспағанда, техникалық шарттардың көшірмелері;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);
- дербес деректерді жинау және өңдеуге жазбаша келісім;
- тұрғын орынжайда (үйде, пәтерде) тіркелген адамдардың санын растайтын құжаттар талап етіледі.
Объектілердің иесі ауысқан кезде техникалық шарттарды ұсыну талап етілмейді.
Ескерту: осы тармақтың 1), 3-9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйымға ұсынады.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжатты энергиямен жабдықтаушы ұйымға энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым ұсынады.