Компанияның тарихы
«Астана – Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ тарихы 1980 жылдан бастау алады. Дәл сол кезде Ақмола қаласы аудандық электр желісі негізінде «Целинэнерго» ЭБ Өндірістік энергетикалық бірлестігінің 1980 жылғы 06 тамыздағы №244 бұйрығына сәйкес «Қалалық электр желісі» кәсіпорыны құрылды. 2010 жылы кәсіпорын аймақтық деңгейдегі электр желілерге қызмет көрсететін компания мәртебесіне ие болды, осыған байланысты атауы «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ деп өзгерді.
2004 жылдан бері кәсіпорын екі диспетчерлік бөлмесі, асхана, спорт және мәжіліс залы; арнайы техника мен автокөлікке арналған бокстар; шеберханалар, зертханалар және т.б. бар заманауи әкімшілік блокпен жабдықталған жеке меншік өндірістік базасын тірек етеді. Компанияның заманауи диспетчерлік-технологиялық басқару құралдары, арнайы машиналар мен механизмдердің паркі, жылжымалы дизельді электр станциялары бар. Өндірістік қызметтердің иелігінде заманауи стационарлық және мобильді зертханалар, оның ішінде кернеуі 110кВ дейін кабель желілерінде зақымдану сипатын және орнын қысқа мерзімде анықтауға мүмкіндік беретін жылжымады жоғары вольтті зертханалар бар (Renaultи Citroen негізіндегі «Компакт-CITY», сондай-ақ Volkswagen негізіндегі R30).
Астана объектілері құрылысының қарқынды өсуі, қала тұрғындарының өмір сапасына қоятын талаптардың артуы қаланың электр жүктемесінің жыл сайынғы өсіміне ықпал етеді. Қаланың энергия кешенінің сенімді және тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін үдемелі жүктеме мониторингі нәтижесінің негізінде, заманауи техникалық, экономикалық және экологиялық талаптарды есепке алып, компанияның мамандары «Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ бірге қолданыстағы желілер мен шағын станцияларды жетілдіру, сондай-ақ жаңа энергия объектілерін салу жобаларын әзірлейді және іске асырады.
Мысалы, «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің қарсаңында 110кВ «Аэропорт-2» және «Олимп» шағын станциялары пайдалануға берілді, күш беретін трансформаторларды үлкен қуатқа ауыстырып 110 кВ «Жаңа Жол» ШС қайта жаңарту жүргізілді. Қазіргі уақытта үш 110кВ ШС салу жүргізілуде: «Ишим» оған ЖРК және Тельманның қарқынды құрылыс ауданын қосу болжанады; «Самал» қолданыстағы ШС жүктемесін азайту және салынып жатқан объектілерді қосу үшін; «Қазбек» «Железнодорожный» тұрғын алабының салынып жатқан және қолданыстағы тұтынушыларын қосуға арналған. Сондай-ақ жақын уақытта салынып жатқан объектілерді қосуға техникалық мүмкіндікті қамтамасыз ету үшін 110кВ «Жұлдыз», «Новая», «Левобережная» ШС қайта жаңарту жоспарлануда. Олардың бәрі отандық және шетелдік өндірушілердің заманауи электр жабдықтарымен жабдықталатын болады.
Қалалық электр желісінің тарихы
Астананың дамуымен оның энергетикалық кәсіпорыны да даму үстінде. «Астана-АЭК» АҚ бүгінде – ол тек қана заманауи жабдықтар және жаңа технологиялар емес. Ол бірінші кезекте кәсіпорынның ұйымшыл ұжымын құрайтын 1621-маман, оның ішінде 52% астамы жоғары, 24% орташа арнайы білімі, 27 % орташа білімі бар. Компания басшылығының кадр саясатының негізгі бағыттарының бірі әрбір жұмыскердің кәсіби өсуін және біліктілігін арттыру үшін жағдай жасау болып табылады. Осы бағыттағы жұмыс нәтижесі жыл сайын жұмыскерлерді марапаттау және құрметті атақтарды тағайындау болып табылады.
Дәстүрлі пайдалану тәсілдерін қолдану, көп жылғы тәжірибе, озық ақпараттық технологияны енгізу – «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ коммерциялық және технологиялық шығындарды азайту кезінде электр энергиясын тасымалдаудың қалыпты процессін қамтамасыз ету бойынша, ал бастысы астана тұтынушыларын сенімді және сапалы электрмен жабдықтауда негізгі критерийлер.
Ақмола қаласын электрлендірудің басталуы Абай даңғылының батыс бөлігімен байланысты (1920 жылға дейін) бұл даңғыл Церковная көшесі, 1991 жылға дейін Ленин көшесі деп аталды. Кварталдың ортасында Абай даңғылындағы қазіргі тоғыз қабатты № 27 тұрғын үйге жақын жерде шағын тас дүкен болған. 1928 жылы ғимаратта іштен жану қозғалтқышы және қуаты 18 кВт динамо-машина орнатылды.
Бұл Ақмоладағы алғашқы мемлекеттік электр станциясы болды. Ол бір ауысымда жұмыс істеді. Кешкісін электр станциясының ашық есіктерінің жанына механиканың іс-әрекетін, дизель дөңгелегінің қалай айналатындығын, трансмиссияның кең белдігінің ысылы мен тақылдауын, қозғалтқыш өңдеген газды темір құбырға бірқалыпты және қатты тасталуын бақылаған қызыққұмар балалар жиналатын.
Электр беру желісінің жалпы ұзындығы 8 км құрады, бұл ретте электр энергиясы тек қана мемлекеттік мекемелерді жарықтандыру үшін берілді. Ақмола электр энергиясының жетіспеушілігін бастан кешірді. Міне сондықтан 1932 жылы 7 қаңтарда Қалалық кеңес келесі регламенттейтін қаулыны қабылдады: «мекеменің, кәсіпорындар мен ұйымдардың орынжайларын жарықтандыру үшін қуаты 60 Вт-тан аспайтын, ал жеке пәтерлер үшін 30 Вт-тан аспайтын электр шамдарын пайдаланудың шекті нормасы белгіленеді. Жылыту, тамақ пісіру, суды қайнату және аккумуляторды зарядтау үшін электр энергиясын пайдалануға, электр станциясымен рұқсат етілген мөлшерден жоғары жану нүктелерінің санын өз бетінше арттыруға тыйым салынады».
Тек 1940 жылы қуатты генераторларды монтаждау кезінде (қуаты 60 кВт) Ақмола қалалық электр станциясы (қалалық электр станциясы) бұрынғы Шестаков механикалық диірменінің кірпіш ғимаратын алды («Астанаэнергосервис» АҚ ғимаратының ауласында, Отырар көшесі (Орджоникидзе көшесі) 41).
1948 жылдың қысында 150 кВт генераторы бар Людиновский зауытының ЛМ-7 локомобилі жұмысқа қосылды, сол кезде жапсарлас құрылыс салынып, Семейден әкелінген 150 кВт екінші генератор орнатылды.
Сорғы зауыты Қалалық электр станциясының аумағында орналасқан өзінің дизельді электр станциясымен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, вагон-жөндеу зауыты (ВЖЗ) өзінің дизельдік электр станциясынан электр энергиясымен қамтамасыз етілді. Темір жол тұтынушылары депо ауданындағы ТЖ-электр станциясынан және темір жол басқармасы ғимаратының жанында орнатылған дизель генератордан энергиямен қамтамасыз етілді. 1948 жылы дайындық кезінде Қазақсельмаш зауытының ОЭС-на (орталық электр станциясы) ОЭС-дан Қал.электрстанциясының ҮҚ-6кВ және драма театр ауданындағы ТШС-6/0,4кВ дейін (108кВА), қалалық монша (ТШС-3, 320кВА) және Жангелдин көшесінде (180 кВА) ӘЖ-6кВ салынды.
«Горэлектростанция-Аэропорт» және «Горэлектростанция-ВРЗ» металл тіреулерінде ӘЖ-6кВ, сондай-ақ көшені жарықтандыру желілері пайдалануға берілді. 1950 жылдары Қалалық электр станциясы Қалалық электр желісі болып қайта құрылды, директоры И. В. Ильченко, бас инженер болып Б.С.Сизухин тағайындалды.